Маңғыстау облысына «Спутник-V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
1 Февраля 2021 (14:34) | 2530 | Автор: Редакция
Маңғыстауға «COVID-19» инфекциясына қарсы «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы арнайы ұшақпен жеткізілді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Қалиеваның мәліметінше, “СК-Фармация” ЖШС жеткізген екпелер облыстық денсаулық сақтау басқармасының вакцинациялық қоймасында сақталады.
«Алдымен, ерікті түрде инфекциялық ауруханада жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне екпе салынады. Мұнан соң жедел жәрдем, емханада қызмет ететін мамандар егіледі. Айта кететін жайт ерікті түрде вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакциналау алдында дәрігердің міндетті тексеру жұмыстары жүргізіледі», -деді Ғалия Қалиева.
Жылдың соңына дейін Маңғыстауға қазақстандық “Qaz Covid-in” вакцинасының 100 мыңы жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему