Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және тағайындалған судьялар таныстырылды
Курс валют в Актау
на 04/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
4 Декабря, 23:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және тағайындалған судьялар таныстырылды

23 Июня 2017 (17:33) | 3236 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Іс-шараға сот төрағасы Жақсылық Аланов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот қызметкерлері қатысты. Кеңес жұмысын аша келе, сот төрағасы осыған дейін Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарып, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалған Нұрсапа Примашевты ұжымға таныстырды.

 

 

Сот төрағасы көп жылдар бойы сот жүйесінде қызмет атқарған Нұрсапа Примашевқа адал еңбегі үшін ризашылығын білдіре отырып, оған жаңа лауазымда сәттілік тіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Шамғонова Лариса тағайындалды. Ал, осы уақытқа дейін аталған соттың төрағасы қызметін атқарған Айдарбек Тленов Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

 

 

Сондай-ақ, осы жарлықпен Сәуле Өмірболатова Маңғыстау облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

 

 

Осыдан кейін Маңғыстау облысының сот корпусы Ақтау қалалық сотының судьясы Галина Айжарикованы салтанатты түрде отставкаға шығарып салды. Салтанатты жиын барысында оның атына судьялар тарапынан көптеген жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды. Сот төрағасы Галина Айжарикованың Ақтау қалалық сотында үздіксіз 20 жыл судьялық қызмет етіп, әрбір жанның тағдырына жауапкершілікпен қарап, істің ақ пен қарасын ажырату жолында әділдіктің туын бір сәтке жықпағаны бүгінде көпке үлгі екендігін айтып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему