Кендірлі ауылының іргетасы қаланды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 13:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кендірлі ауылының іргетасы қаланды

24 Января 2021 (20:02) | 2610 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында жаңа елді мекен құрылады. Бүгін өңір басшысы Серікбай Трұмов «Кендірлі» деп аталатын ауылдың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

 

 

Жаңа ауыл Кендірлі курорттық аймағының маңында, яғни теңізден 2 шақырым қашықта, Жаңаөзен қаласынан 63 шақырым жерде орналасатын болмақ. Бүгінгі таңда ауылдың бас жоспарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

 

Аймақ басшысы бұл бастаманы қолдап, жаңа ауыл құрудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

С.Трұмов Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан ауыл халқының едәуір артуына байланысты бұл жобаның тиімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға ауылдың бас жоспарын әзірлеуде жергілікті жердің және жалпы өңірдің ерекшелігін ескере отырып, ең заманауи әдістерді қолдануды тапсырды. Бірінші кезекте инфрақұрылым құрылысына көңіл бөлінеді, содан кейін ғана жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу басталады. Сонымен қатар, алдағы уақытта Кендірлі курорттық аймағында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщытатын зауыт салынбақ. Су зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған жақын маңдағы барлық ауылдардың қажеттілігін толық қамтамасыз ететін болады.

 

Облыс әкімі жаңа ауылдың теңізге жақын орналасуы Кендірлінің туристік аймағын одан әрі белсенді дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, болашақта осы аумақта жаңа аудан құру мәселесі талқыланды. Ол шамамен 7-9 ауылды қамтуы мүмкін. Олардың арасында Рахат, теңге, Бостан, Сенек және басқалары бар. Кендірлі ауданы 616 мың гектар аумақта орналасатын болады. Бүгінгі таңда шекараны анықтау, сондай-ақ бас жоспарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему