Маңғыстауда абайды 175 жылдық мерейтойы аясында «құнанбай мен абай» пьесасының премьерасы өтті
31 Декабря 2020 (10:51) | 2370 | Автор: Редакция
30 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Құнанбай мен Абай» пьесасының премьерасы өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығының көшпелі брифингінде Маңғыстау облысы Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының бас режиссері Гүлсина Мирғалиева мәлім етті. Қойылымды театрдың арнайы тапсырысы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушанов жазды.
Автор шығармасында саяси және рухани тәуелсіз Құнанбай мен Абай бейнесін көрсетеді. Сондай-ақ, еңбекте әке мен бала арасындағы табиғи, адами байланыс туралы айтылған. Ел иесі Құнанбай мен сөз иесі Абай арасындағы бұл дүниеде ашылмаған қарым-қатынастың қатпарлары, айтылмаған сырлары жазылды.
«Жалпы пьеса дана Абай басындағы барлық асыл қасиет балаға әке кіндігінен, текпен беріліп, тәрбие арқылы сүйекке сіңіп, дамитынын меңзейді. Көрермен Абай шығармаларының сахнада керемет үйлесіммен орындалуы арқылы бала Абайдың дана Абайға, ұлт ұстазына айналғанына куә болады», - деді Гүлсина Мирғалиева.
Н. Жантөрин атындығы театр ұжымы Абай жылын қорытындылап, көрерменге тың, терең ойлы сахналық туындысын тарту етті.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему