МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ❗️
28 Марта 2020 (21:20) | 1783 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізілді:
Халықтың қозғалысына, сонымен, қатар қоғамдық көліктің қозғалысына 2020 жылдың 30 наурызынан 19.00 ден 08.00 сағатқа дейін эпидемияға қарсы режим бойынша шектеу қойылды.
-Тұрғындардың өз пәтелерінен шығуына шектеу қойылады ( тек ерекше қажеттілік болғанда ғана -дүкенге, дәріханаға, қоқыс төгуге және жұмысқа баруға рұқсат етіледі). Көршілердің, туыстардың, әріптестер және т.б бір-біріне баруы шектелсін.
-Азаматтардың қоғамдық орындарға: саябақтар, алаңдар, балалар және спорт алаңқайлары және т.б. баруына шектеу қойылсын.
-Әуе және темір жол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылсын.
Облыстық ақпараттық қызмет
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему