Шекті шамадан артық жүк артқан ауыр көліктер асфальт жолдарды бүлдіріп жатыр
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 03:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шекті шамадан артық жүк артқан ауыр көліктер асфальт жолдарды бүлдіріп жатыр

15 Декабря 2020 (12:28) | 2230 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында ауыр көліктердің шекті шамадан артық салмақта жүк тасымалдауы әлі күнге тыйылатын емес. Қорабына заңмен рұқсат етілген межеден бірнеше есе көп құрылыс материалын артқан көліктер жолдың асфальт жабындысын бүлдіреді. 

 

 

Мұндай заңсыздықтың жолын кесу үшін өкілетті органдар жүргізетін рейдтік шараларға қоғамда белсенді азаматтар да араласа бастағандығы қуантады. 

 

Трассаға нұқсан келмес үшін ауыр машинаға тиелген жүктің салмағы 8-16 тоннадан аспауға тиіс. Алайда көліктік бақылау инспекторы жолда тоқтатқан көліктердің дені 10 тоннаға дейін артық жүк алып келе жатқан болып шығады. Заң бұзған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі айыптұрағына қойылады. 

 

«Рейдтік тексерулерге шыққан сәтте ауыр машиналардың 25 тоннаға дейін, яғни рұқсат етілген шамадан 10 тонна артық салмақта жүк алып бара жатқанының куәгері боламыз. Әсіресе, күн жылыда жол жұмсарған кезде мынадай көліктер қаптап жүрсе мына жолдың несі қалады?! Сапасы қайдан болады?! Мемлекеттің, бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану деген ұғымды қазіргі қоғамға мынадай заңсыздықты тыймай тұрып қолдануға әлі ерте сияқты. Сондықтан осы бағытта мониторинг жұмыстарын жиі жүргізу қажет» - дейді «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев. 

 

Жол сапасын бақылаушылар трассаға барған бойда тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін жылжымалы зертханамен қамтылған. Жыл басынан бері облыс бойынша ауыр жүк көліктері жиі жүретін трассаларға 340 рет барып келді. Ондағы жолға төселген материалдардың қазіргі жай-күйін анықтау үшін 1400-дей сынама алынды. Оның 500-ге жуығынан ақаулық табылып отыр.   

 

 

«Сынамалардың ішінде 462-сі сапаға сай болмады. Бас-аяғы 158 ақаулық анықталып, жол құрылысында жүрген мердігер мекемелерге және олардың жұмысына тапсырыс берген аудандық әкімдіктердің бөлімдеріне ескертіліп, қызметтік хат жолданды. Нәтижесінде 88 ақаулық қазіргі таңда толық жөнделді. Қалғандарын қалпына келтіру шаралары жалғасып жатқанын қазірде көріп отырмыз» - дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау филиалының зертхана меңгерушісі Сәкен Мұхтаров. 

 

Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында көліктік бақылау инспекторларымен бірлесе жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде 1207 жүк көлігі тоқтатылып, салмағы тексерілді. 

 

Заң бұзушылыққа барған жүк тасымалдаушы тұлғаларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 71-ші бабының 1-ші тармағы және 571-ші бабының 6-шы тармағына сәйкес 33 млн 90 мың теңге көлемінде  әкімшілік айыппұлдар салынып отыр. 

 

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему