Маңғыстауда кәсіподақтар күні аталып өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 02:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда кәсіподақтар күні аталып өтті

15 Октября 2019 (12:52) | 2133 | Автор: Нурганым Имашева

Кәсіподақ ұйымы - азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуде кәсіподақтар елеулі рөл атқарады.

 

 

Төл мерекеге орай Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығы салтанатты шара өткізді.

 

ҚР Үкіметінің қаулысымен биыл алғаш рет ресми кәсіби мерекелер тізбесіне енген аталмыш мерекелік жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Качаков Бақытжан Аманжолұлы, «Нұр Отан» партиясы ардагері Ерімбет Жаңбыров, кәсіподақ ардагерлері, сонымен қатар, жергілікті және салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты.

 

 

Салтанатты жиынды ашқан Маңғыстау облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы К.Жаулин құттықтау сөзінде:

 

«Жаңғырған жаңа заманға лайықты – әрбір еңбекшінің еңбек құқықтарын тиісті дәрежеде қорғайтын, жұмысшының еңбек қауіпсіздігін басты мақсат ететін, әлеуметтік әділеттілік принциптерін басшылыққа алатын жаңарған кәсіподақ құрудағы еңбегіміз жемісті болсын!

 

Қарапайым еңбек адамы әрқашан мемлекеттің қорғауында болып, лайықты құрметке бөлене берсін!» - деп, көпшілікті мерекемен шын жүректен құттықтады.

 

 

Шара барысында Кәсіподақ белсенділері Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамотасы және «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, облыстық «Нұр Отан» партиясы атынан және аумқтық қоғамдық бірлестік атынан өңірдің әлеуметтік іс-шараларына қосқан үлесі үшін бірнеше жұмысшылар алғыс хатпен марапаттады.

 

Суреттер түсірген Нуркен Тажибай

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему