Маңғыстау әкімі Серікбай Трумов мұнайшыларды құттықтады
5 Сентября 2020 (09:36) | 2980 | Автор: Редакция
Құрметті мұнайшылар, қадірлі мұнай және газ саласының ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қойнауы табиғи байлыққа толы – маңғаз дала Маңғыстау жерінде ірі мұнай кен орындарының табылуы, шын мәнінде, түбектегі тірлікті түбегейлі өзгертіп, тарихтың жаңа беттерін ашты.
Бүгінде облыс аумағында 70-тен аса кен орындары ашылып, ел қазынасын еселей түсуде. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында қосқан үлесі мол. Маңғыстау маржанын ел игілігіне жарату жолында қажырлы еңбек етіп, қыруар жұмыстың басында жүрген ел мұнайшыларының еңбегі зор. Ауыр өнеркәсіптің бел ортасында болып, өз кәсібінің шебері атанған ардагер ағаларымыз әрқашан ел есінде. Облысымыздағы мұнай-газ мекемелері өңірдің өндірістік және экономикалық дамуына дем беріп, әртүрлі әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне үлкен үлесін қосып келеді. Өздеріңіз белетіндей әлемді жайлаған індет кезінде экономикалық дағдарысқа қарамастан мұнайшыларымыз жан-жақты қолдау көрсетіп, әрқашан халқымыздың қасынан табыла білді.
Сіздерге Маңғыстау халқының атынан алғысымды айта отырып, баршаңызға зор байлық пен бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему