Науқастарды қабылдау үшін жаңа провизорлық стационарлар ашылуда
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 03:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Науқастарды қабылдау үшін жаңа провизорлық стационарлар ашылуда

27 Июня 2020 (12:13) | 3177 | Автор: Редакция

Коронавирустық пандемияның қазіргі өршу сатысында пневмонияның көбейіп бара жатқандығы байқалып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, наурыз айында дене қызуы көтеріліп ауырған науқастар 14 күннің ішінде жазылып кеткен болса, қазіргі кезде вирус бірден адамдардың өкпесіне түсіп, пневмониямен аурғандардың саны көбейіп кетті.

 

 

Осыған орай аймақ басшыларының бұрынғы дайындалған әртүрлі стационарларды өкпе қабынуын емдеуге арнап қайта жабдықтауына тура келді.

 

Маңғыстаудағы барлық қала мен аудандардағы пульмонологиялық провизорлардағы орындардың санын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Науқастардың көптігіне орай Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен және Ақтау қалаларына басымдқ берілуде. Мысалы, Бейнеу ауданының орталығында 55 орын провизорлық стационар дайындалды. Жаңаөзенде 75 орындық провизорлық орталық әзірленді.

 

Ал, Ақтауда науқастар саны көп. Себебі қалаға іргелес жатқан Мұнайлы ауданының, Түпқараған мен Қарақия аудандарының тұрғындары да облыс орталығына келіп, шағымдарын білдіреді. Осыған байланысты Ақтауда 4 бірдей пульмонологиялық провизор орталығы іске қосылды.
✅Біріншісі - Ақтаудағы 1-шағын ауданда орналасқан бұрынғы қалалық перзентханада жасақталған 100 орындық провизорлық госпиталь;
✅Екіншісі – 1-шағын аудандағы бұрынғы туберкулезге қарсы диспансердің базасында ашылған 100 орындық провизорлық госпиталь, ✅үшіншісі - облыстық аурухананың «Б» блогында құрылған 300 орындық провизорлық орталық (мұнда қазір 75 орын бос тұр), ✅төртіншісі – "Приморский" шағын ауданындағы жағажайда орналасқан "Теннис орталығында" 150 орындық провизорлық стационар жасақталды. Бұл орталық қазір науқастарды қабылдауға толық дайын, көмек көрсететін медициналық қызметкерлер де бөлінді",-дейді аймақ басшылары.

 

Айта кетейік, сондай-ақ облыстық ауруханадағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, 5-6 қабаттарынан 150 орын провизорлық стационар ашылады.

 

«Жаман айтпай жақсы жоқ, жағдай күрделеніп, науқастар саны артатын болса, облыс деңгейінде әлеуметтік нысандарда уақытша провизорлық орталықтар жасақтауға мүмкіндік бар. Барлық провизорлық стационарлар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, қорғаныш құралдарымен және дәрі-дәрмектермен қамтылатын болады. Ол жерде жұмыс істейтін дәрігерлерге жағдай жасалып, қонақүйлерге орналастырылмақ»,-дейді облыс басшылары.

 

Құрметті, маңғыстаулықтар! Ақпарат құралдарынан естіп, біліп отырсыздар, вирус жұқтырғандар мен пневмониямен аурғандар саны күн сайын артып отыр. Өкінішке қарай, көз жұмғандар да көп. Өмірлеріңізге қауіп төндірмес үшін, карантин ережелерін қатаң сақтауға, уақытша той-жиындарға, садақаларға бармауға, бетперде тағып жүруге, көпшілік жүретін жерлерге мейлінше көп бармауға шақырамыз. Елге қауіп төндірген бұл індеттен біріксек қана құтыламыз, қиындықты бірге еңсереміз!
Жақыныңажанашырбол!

 

Фото ЦОК

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему