Маңғыстауда үздік ауыл әкімі анықталуда
1 Июня 2020 (09:03) | 1891 | Автор: Редакция
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға бағытталуы қажеттігін атап өткендігі белгілі. Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақытылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің басты бағыты болып табылады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың өзектілігін ескере отырып және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаев бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 74-тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өткізілуде.
Конкурстың қағидалары Агенттіктің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен онлайн режимде өткізілген жиналыста облыс, қала, аудан әкімдіктерінің аппарат басшыларына, персоналды басқару қызметінің басшыларына түсіндірілді. Қашықтық режимде өткізілген жиналысқа 20-дан астам мемлекеттік қызметші қатысты.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Жанназарова конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу, конкурстың міндеті - ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау екендігіне ерекше мән берді.
Үздік ауыл әкімі конкурсына қатысу үшін қойылатын талаптар жеткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему