Облыс әкімі «Ревизорды» тамашалады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс әкімі «Ревизорды» тамашалады

7 Ноября 2014 (10:10) | 1290 | Автор: Redactor

 

Аймақта өткен V-ші Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалінде Астана қаласынан келген жастар театры өнерсүйер қауымға Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясын ұсынды. Қойылымды тамашалауға облыс басшысы Алик Айдарбаев та арнайы барды.

 

«Ревизор»-сөз жоқ, өміршең туынды. Мұны уақыттың өзі әлдеқашан дәлелдеген. Өйткені, қойылымда сөз болатын мәселе әрдайым өзекті қалпында. Н. Гогольдің құдіретті қаламымен дүниеге келген әйгілі туындыны театрдың режиссері Нұрқанат Жақыпбай заманның бүгінгі талабына, қазіргі көрерменнің рухани сұранысы мен талғамына сай дайындаған. Драматург өз шығармасын кезінде комедия деп атаса да, қоюшылар бұл жолы оған «трагифарс» деп ат қойып, айдар тағыпты.

 

«Фестивальге Николай Гогольдің «Ревизорын» алып келдік. Бұл шығарманы мүлдем бөлек қойып шықтық. Жастарға арнап жасадық, сюжеті сол болғанмен, мақамы өзгеше. Қойылым аздап мюзиклға жақын болды. Біз туындыны орыстардың емес, өзіміздің менталитетке жақын етіп жасауға тырыстық. Жастардың жүріс-тұрысына, біліміне қарап отырып, оларға көпсөзділіктен гөрі, көп әрекетке, ән мен биге мән беретін қойылым қажет деп таптық»,-деп атап өтті қойылым жайында театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

 

Жастар театрының «төлқұжаты» аталатын қойылым қоғамымыздағы көзбояушылық, жағымпаздық, парақорлық сияқты келеңсіздіктерді заманауи пайымдауда әжуалайды. Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Қойылым бастан-аяқ тынымсыз динамикаға құрылған. Жас актерлер сахнада ән де салды, би де биледі, өз кейіпкерлерін жанып жүріп ойнады.

 

«Маған әсіресе Хлестаковтың рөлін сомдаған Дәурен Серғазиннің ойыны қатты ұнады. Жан-жақты дарын иесінің бойында келісті түр де, әншілік те, актерлік шеберлік те, бишілік өнер де бар. Дәуренді мен бұрын ұлттық арнадан көрсетілген «Қымызхана» бағдарламасынан жиі көретінмін. Жалпы қойылымнан тамаша әсер алып шықтым. Қазіргі қоғамдағы жемқорлық, шен үшін тайталас, бір-бірін қызмет үшін сатып кететін адамдардың өмірі тамаша суреттелген. Жастар театры ұжымына осындай әсерлі қойылымы үшін үлкен алғысымды білдеремін»,-дейді Ақтаудың тұрғыны Сара Омарова.

 

Театр әлеміне 2007 жылы қосылған жастар театрының ұжымында бүгінде 35 актер жұмыс жасайды. Олардың басым көпшілігі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Аталмыш театр ұжымы жеті жылдың ішінде халықаралық және республикалық фестивальдерден алты бас жүлдені жеңіп алған.

 

Қойылым соңында ерекше өнер көрсеткен театр ұжымына Маңғыстау облысы әкімінің ықылас гүлі тарту етілді. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему