Маңғыстауда 15 мамырдан бастап теміржол билеттері кезең-кезеңімен сатылымға шығады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 15 мамырдан бастап теміржол билеттері кезең-кезеңімен сатылымға шығады

15 Мая 2020 (12:16) | 2169 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақ тұрғындарын көптен мазалап келген сауалдарға Маңғыстау облыстық коммуникациялар орталығында өткен жиында жауап берілді.

 

 

Сонымен, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап Маңғыстау теміржол станциясынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Бейнеу бағыттары бойынша жолаушылар пойыздары кезең-кезеңмен жүре бастайды деп күтілуде.

 

Қауіпсіздік шаралары теміржол вокзалымен қатар жолаушылар пойызында да қатаң сақталады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

 

 

-Адамдардың көп шоғырлануына байланысты вокзал ішінде және сыртында 1 метр арақашықтықты сақтап тұрулары маңызды. Осы мақсатта бір-бірнен алшақ тұруы үшін жерге арнайы белгілер қойылады, - дейді Маңғыстау теміржол вокзалының бастығы Алма Айымқұлова.

 

Енді жол жүру құжатына келсек. Брифинг қонағының айтуынша, теміржол билеттері 15 мамырдан бастап кезең-кезеңімен сатылымға шығады.

 

1 маусымда Маңғыстау станциясынан күн сайын жүретін №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы, ал 2 маусымнан бастап жұп күндері жүретін №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» пойызы жолға шығады деп күтілуде.

 

Ал, қалған жолаушылар пойыздарының жүру қозғалысы туралы ақпарат алдағы уақытта қосымша хабарланады.

 

-Аймақта карантин тәртібі енгізілгенге дейін билет сатып алып, кейін тапсыруға үлгермей қалған тұрғындар бізге аяқтай келіп те, телефон шалып та жиі хабарласып жатыр. Осы ретте айтарым: белгілі бір себептермен жолға шыға алмай қалған жолаушылардың 6 айға дейінгі уақытта өз билетін кассаға тапсыруына болады. Жол жүру құжатының құны толық көлемде қайтарылады, - дейді Маңғыстау теміржол вокзалының бастығы А.Айымқұлова.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық коммуникациялар орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему