Құжаттың жалғандығын 100% анықтайтын заманауи жабдық
7 Ноября 2014 (09:40) | 2386 | Автор: Redactor
Бұдан былай Маңғыстау облыстық сот сараптама институты жалған купюра мен құжаттардың түпнұсқалылығын заманауи құрылғы арқылы тез анықтау мүмкіндігіне ие болып отыр. Мұндай мүмкіншілік мамандар үшін құны 7 млн. теңге тұратын заманауи «Регула-4307» бейнеспектральды компараторын алған соң пайда болды.
Сарапшылардың мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін олар құжаттың жалғандығын 40 есе ұлғайтатын микроскоппен тексеріп келген екен. Енді олардың айтуынша, 174 есе ұлғайтатын замануи жабдықтың көмегімен құжаттың түпнұсқалығы немесе жалғандығы 100 %-ға нақты анықталады.
«Мұндай көлемде ұлғайту нағыз купюрадағы кез-келген микромәтіндерді, акциздік маркаларды, талшықтарды, голограммаларды анықтауға мүмкіндік береді. Онымен қоса жалған ақшадағы қосымша суреттер, өшірілген немесе боялған тұстары тез анықталады. Енді жұмысымыз өнімді болады. Бұрын сараптамаға бірнеше күн кететін, қазір санаулы сағат ішінде нәтижеге қол жеткізуге мүмкінді туып отыр. Соңғы уақытта көбіне бізге купюралардың, жүргізуші куәліктерінің, жоғары оқу орындарының дипломдарының жалғандығын көп анықтауға тура келді. Мұндай замануи құрылғымен елімізде санаулы облыстар ғана жасақталды»,-дейді Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының құжаттарды сот-техникалық зерттеу жөніндегі бас сарапшысы Рая Іскендірова.
Бір айта кетері, өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстық сараптама институты 71 құжатқа сот-техникалық зерттеу жүргізген. Ағымдағы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш үш есе өскен, яғни-242 құжаттың түпнұсқалығы тексеруден өткен.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему