150 826 маңғыстаулық оқушыға «соңғы қоңырау» онлайн соғылады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 12:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

150 826 маңғыстаулық оқушыға «соңғы қоңырау» онлайн соғылады

24 Мая 2020 (10:31) | 2503 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.

 

 

-Биыл 6365 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде 5931-і  күндізгі мектептің,   434-і кешкі мектептің түлектері.

Пандемия жағдайына байланысты биыл 9 және 11-сынып бітіруші түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау өткізілмейді. Мектеп бітіргендігі туралы аттестаттарға 4 тоқсанның жылдық бағалары қойылады.

11-сыныпта 206 оқушы «Алтын белгіге»,  326 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер,-деп атап өтті басқарма басшысы.

 

 

Асқар Сейдалиевтің мәлімдеуінше,  Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы «Біргеміз: ТҮЛЕК-2020» тақырыбындағы мектеп бітіру іс-шарасының тұжырымдамасына сәйкес:

 

-      22 мамыр сағат 11.00-де - «Балапан», «Еларна» телеарналарында 11-сынып түлектеріне кәсіптік бағдар беру туралы бірыңғай телесабақ;

-      25 мамыр сағат 11. 00-де - телеарналарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құттықтауы көрсетіледі;

-      «Сәт сапар, жас түлек!», «Ұстаздарға мың алғыс», «Мектеп-білім ордасы», «Көңілді жазғы демалыс» (үздік мұғалімдер туралы, оқушылардың жетістіктері туралы, өңірдегі ең үздік білім беру жобалары туралы және т.б.) сынды білім мәселелеріне арналған сюжеттік желі  ұйымдастырылады;

-      25 мамыр күні 1-10 сыныптарға соңғы қоңырауғаарналған онлайн-сынып сағаты өткізіледі. Оған қамқоршылық кеңестердің мүшелерін, аймақтың танымал тұлғаларын, еліміздің және әлемнің үздік университеттерінде білім алып жатқан жетістікке жеткен мектеп түлектерін,  бизнес өкілдерін және мемлекеттік қызметшілерді қонақ ретінде шақырылады.

-      Мектеп бітіру шаралары әр сыныпта бөлек, мектеп алаңында, ашық ауада өткізіледі;

-      Түлектер іс-шараға мектеп формасымен қатысады;

-      Мектеп әкімшілігі мектеп бітіру кештерін өткізу күндері тәртіп бұзушылыққа жол бермеу шараларын қабылдайтын болады.

 

Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан және newtimes.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему