Алғыс алған ел көгерер
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғыс алған ел көгерер

27 Февраля 2018 (11:02) | 8644 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2016 жылы 14 қаңтар күні «Алғыс айту» күнін 1 наурызға белгілеп  №173 Жарлыққа қол қойған болатын. Сол күннен бастап бұл күн салтанатты жағдайда тойланып келеді. Алғаш рет Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлттар мен ұлыстар қиын күндерде өздеріне пана болған қазақ халқына шексіз ризашылығын білдіріп ақжарма алғыстарын арнады. Адамдардың бір-біріне алғыс айтуы, құрмет көрсетуі – бұл Елбасы бастаған Рухани жаңғырудың бастамасы деуге болады.

 

 

1 наурыз «Алғыс айту күні» таң атқаннан бастап, ата-аналарымызды, ұстаздарымызды, достарымызды, жұмыстастарымызды құттықтап бір-бірімізге алғас айтамыз. Әрине, алғыс алу үшін өмір бойы жақсылық  жасауымыз қажет! Ол үшін біз әлсізге - демеу, жетімге - жебеу, үлкенге -ізетті, кішіге - қомқор болуға тиістіміз. Сонда ғана халықтың шынайы алғысына бөленеміз.

 

Дүниедегі ең үлкен марапат – ол қарапайым халықтың берген бағасы мен халықтың берген алғысы. Біздің қызметкерлер жыл сайын қайырымдылық шараларымен үзбей айналысып келеді. Ең басты алатын алғысымыз – ол халыққа адал қызмет ету. Сонымен бірге  біз қарттар мен балалар үйлеріне барып, оларға түрлі шаралар өткізіп қызмет көрсетеміз.  Мынау жарық дүниеде қамкөңіл қарттар мен көңілдері жүдеу жетімдердің алғысына бөленуден асқан бақыт жоқ болар. Алғыс алу үшін ел мен жерге қызмет ету қажет.                                                                                                                                                       

Көктемнің бірінші күні «Алғыс айту» күнімен басталып, 8 наурыз «Аналар» мерекесі, 14 наурыз «Амал көрісу» күні, 22 наурыз «Ұлыстың ұлы» күні болып жалғаса береді. Біздің мақсат – тек той тойлау ғана емес, елге өнеге боларлық бастамаға ұйытқы болу. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей ағаш отырғызу, қаланы көк желекке бөлеу – бұл бастамалардың басында өзіміз жүруіміздің себебі – жастарға үлгі өнеге көрсету болып табылады.

 

Барша отандастарымызды алда келе жатқан «Алғыс айту» күнімен шын жүректен құтықтай отырып, ел-жұртымызға алғысымызды білдіреміз!

 

 

Маңғыстау облысының

мамандандырылған

табиғат қорғау прокуратурасы

 

Суреттер infourok.ru сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему