Сот жүйесінде жаңа жобалар
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесінде жаңа жобалар

26 Января 2019 (10:36) | 1952 | Автор: Нурганым Имашева

Сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың перспективалық бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады.

 

 

Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот тарапынан ауқымды жаңа жобалар іске асырылуда.

 

Сот жүйесінде «Төрелік» ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізіліп, онымен бірге жетілдірілген Интернет-ресурс, сот процесіне қатысушыларға SMS-хабарлама жолдау және оларды электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі, «Сот құжаттарымен таныстыру», «Сот кабинеті» және «Сотқа шақыру қағазы» сервистері және сот органдарының бірыңғай 1401 нөмірі бар Call-орталығы қызмет етіп келеді.

 

Сот жүйесі аудио және аудио-бейне бақылау техникасының жетілдірілген жүйелерімен жабдықталды, сондай-ақ компьютерлер мен ұйымдастыру техникасымен жабдықтау бойынша жұмыстары жүргізілді.

 

Сот хатшылары қазір бұрынғыдай сот мәжілісінің хаттамасын жасақтамайды, тараптардың сот мәжілісінде айтқан сөздері аудио-бейне таспасына жазылып алынып, сот мәжілісі аяқталғасын олардың өтініштері бойынша қолдарына беріледі.

 

Ал сот ісін жүргізуді автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында іске қосылған «Сот кабинеті» сервисі - сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез келген уақытта интернет желісі арқылы сотқа жүгінуге мүмкіндік берілген.

 

Бұған дейін АВФ шеңберінде соттарды бейнеконференцбайланыс жүйелерімен жабдықтау жолымен сот төрелігін қашықтықтан іске асыру мүмкіндігі іске қосылған болатын. Былтыр Жоғары Сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен қолға алынған «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні» аясында «Смарт сот» деп аталатын жаңа жоба іске қосылды. Осы жоба негізінде республика соттарында азаматтардың іске виртуалды түрде қатысуына жол ашты. Ол үшін жасақталған мобильді қосымшаны азаматтар өз байланыс құралдарына жүктеп, сотқа шалғайдан сол арқылы қатысуда.

 

Сондай-ақ «Үлгілі сот» келбетін қалыптастыру үшін Сингапур тәжірибесімен қолданысқа енген «Түнгі сот» пилоттық жобасы да айтулы жаңалықтың бірі. Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол қозғалыстары саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша істер мен материалдар тараптардың жұмыс кестесінен бөлек, кешкі уақытта, яғни 18.30-дан бастап 22.00-ге дейін қаралуда. «Түнгі соттарды» құру арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу рәсімдері жеңілдетілді. Айта кету керек, өткен жылы кешкі уақытта 38 іс қаралды.

 

Сот жүйесі үшін бұл жаңалықтар сот төрелігін іске асыру үрдісін жеңілдету, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және автоматтандыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

 

Бозшағұлов Қаржау,

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төраға м.а.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему