ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚУАТ
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 12:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚУАТ

26 Апреля 2020 (09:51) | 1631 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өңірде күн-түн демей, коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге азық-түлік жеткізілді. Олардың дені ұлттық тағамдар. Қазы, бауырсақ, балқаймақ, ірімшік, құрт, брынза, қымыз, шұбат ақ желеңді жандардың иммунитетін күшейтіп, құнарлы да табиғи ас болады.

 

 

Маңғыстаулық кәсіпкерлердің қолдарынан шыққан өнімдер осылайша шын ықыласпен табыс етілуде.

 

-Отбасынан алыс, халықтың денсаулығы үшін тынымсыз еңбек етіп жатқан дәрігерлерге осылай алғысымызды білдіріп жатырмыз. Жергілікті кәсіпкерлер еккен көкөністер мен қолдан дайындалған табиғи ұлттық тағамдар әкелдік.

 

Үйдің тамағын сағынып, бала-шағасына жете алмай отырған медицина қызметкерлеріне күш-қуат, нәр болсын деген ниетте атқарылған шаруа,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы КҚКО бөлім басшысы Ерғали Әнесов. 

 

Күтпеген жерден келген сый сияпатқа ақ халатты абзал жандар риза болды.

 

-Көптеген жерлестеріміз біз үшін алаңдап, біздің денсаулығымызды да уайымдап жатыр. Осындай азық-түлікке дейін көптеп жеткізуде Алғысымыз шексіз,- дейді дәрігерлер.

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен осыған дейін блок посттарға да азық-түліктер жеткізілді.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему