Облыс көлемінде құрылысы жүріп жатқан көлік жолдарынан 103 ақаулық табылды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 10:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс көлемінде құрылысы жүріп жатқан көлік жолдарынан 103 ақаулық табылды

25 Апреля 2020 (13:48) | 1302 | Автор: Нурганым Имашева

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Маңғыстау филиалының қызметкерлері биылғы жылдың алғашқы үш айында республикалық және жергілікті маңыздағы трассаларға 84 рет тексеру жұмыстарын жүргізді.

 

 

Жол құрылысы мен сапасын бақылаушылар аймақта салынып жатқан республикалық маңыздағы жолдарға 56 рет, жергілікті маңыздағы трассаларға 28 рет барып, сынамалар алған еді.

 

-Қажетті құрал-жабдықтардың көмегімен жол құрылысында қолданылған 160 материал алынды. Өкінішке қарай, біз күткен кемшіліктер тағы да анықталып отыр.

 

 

Мәселен, республикалық маңызға ие автомобиль жолынан алынған бес сынаманың сапасы нормативтік құжаттар талабына сәйкес келмей шықты. Ал жергілікті жолдардан табылған олқылық бұдан он есе көп. Іріктеліп алынған 155 жол материалының 56-сы қолданысқа жарамсыз, - дейді филиал қызметкерлері.

 

Осы мәліметтермен бөліскен «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК МОФ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында облыс көлемінде жол салудың сапасын тексеру кезінде 103 ақаулық табылып отыр. Оның жүзге жуығы республикалық маңыздағы трассаларға қатысты.

 

 

-Анықталған кемшіліктерді тез арада түзету үшін жол салушы мердігер мекемелер мен оларға тапсырыс беруші мемлекеттік мекеме-кәсіпорындарға 46 рет қызметтік хат жолданды,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему