ТЖ департаменті денсаулық сақтау нысандарындағы өрт қауіпсіздігін күшейту туралы ескертуде
16 Апреля 2020 (17:18) | 2398 | Автор: Нурганым Имашева
Ведомствоның баспасөз қызметі: «Короновирус инфекциясының таралуына байланысты Маңғыстау облысы аумағындағы емделуге және карантинге арналған денсаулық сақтау объектілері мен басқа да объектілерге «Денсаулық сақтау объектілерінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы» тақырыбында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасымен» профилактикалық іс-шаралары дауысты зорайтқыш арқылы сөз сөйлеулер жүргізілуде.
Сонымен қатар видеоконференция арқылы 5 рет денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлерімен әңгімелесумен нұсқаулық жұмыстары өткізілді. Әлеуметтік желілерде 18 ақпараттық жадынамалар жарияланды (инстаграм, фэйсбук, вконтакте).
Іс-шараны өткізудің басты мақсаты - медицина қызметкерлермен және ем алушылармен өртті болдырмау және алдын алу болып табылады. Маңғыстау облысы бойынша есепте 15 объекті емделуге және карантинге арналған»,- деп хабарлайды.
- Карантин режимі жарияланғаннан бастап облыс аумағындағы денсаулық сақтау объектілерінің дауыс зорайтқыш арқылы нұсқаулық таспалары 100 реттен аса іске қосылды. Аталған іс-шаралар жалғасын табуда.
Аудиотаспа арқылы өрт қауіпсіздік шараларының келесі ережелері айтылады:
- Денсаулық сақтау объектілерінде темекі шегуге және алкоголь өнімдерін қолдануға қатаң тыйым салынатындығы еске салады;
- Электр желісін шамадан тыс қоспау және қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмау, тек ақаусыз электр құралдарын пайдалану;
- Электр жылыту құралдарының (электр плиталары, үтіктер, шәйнектер) астына жанбайтын және жылу өткізбейтін тіреуіштерді орнату.
- Розеткаларда, ажыратқыштарда, шамдарда ақау байқалса, оларды дереу токтан ажырату, ақауды жою үшін персоналды шақыру.
- электр желісіне көп қуатты бірнеше электр аспаптарын бір уақытта қосу оның шамадан тыс жүктелуіне алып келеді және өрттің себебі болуы мүмкін екендігін ескертеді.
- эвакуация жолдарында заттар мен дүние мүлікті орнатпау.
- Аэрозоль баллондарын ашық оттың жанында пайдаланбау.
- Бөлмелерде дәліздерде қатты газ иісі бар болса, жарықты қоспау және өшірмеу өзіңізді эвакуациялауға әрекет жасау.
- Балалардың отпен ойнамауын қадағалау және сіріңкені баланың қолы жетпейтін жерде сақтау.
- Бөлмеден заттардың қатты жануын байқаған кезде дереу бөлмеден кету.
Өрт шыққан жағдайда дереу өртке қарсы қызметін шақыру 101 немесе 112 телефондары бойынша хабарласу керек,- деп ескертеді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген департаменттің баспасөз қызметі, видео авторы өртке қарсы қызмет
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему