Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет
15 Апреля 2020 (08:54) | 2527 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Мейіржан Тұманов өзінің аймақ тұрғындарына арнаған үндеуін жариялады.
Құрметті Маңғыстау облысынң тұрғындары!
Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізді, режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссия құрды. Оның құрамына Премьер-Министр, бірқатар жоғары мемлекеттік орган басшылары кірді.
Жарлыққа сәйкес, төтенше жағдай кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар енгізілді. Президент елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырды.
Өкінішке орай коронавирус біздін өңірдіде айналып өтпеді. Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері қаулысы бойынша, Маңғыстау облысының аумағында 3 сәуір сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 15 сәуірі 07:00-ге дейін карантин режимі енгізілді. Облыс және қала әкімдер азаматтардын қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда.
Қазір бізге бір ғана керек дүние. Ол - ел амандығы. Әрбір қазақстандық пен тұтас халқымыздың, жалғыз Отанымыздың амандығы қажет. Президентімізде осыны санамызға сіңіріп қайталап айтуда. Мынадай алмағайып, қысылтаяң кезде бір-бірімізге мін артпай, бір-бірімізге демеу болып, қолдап, қамқорлық танытып, бір үйдің баласындай болайық ағайын!
Көзге көрінбейтін, қолға ұстатпайтын жау COVID-19 коронавирустық инфекциясы күн өте құдды бір аждаhарға айналып бара жатқандай. Аузын батырып атанды жығып, айыбын жиялмай барады. Әлем қазір зіл батпан күй кешіп тұр.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қойған талаптарын бұлжытпай орындап, ауызбіршілік танытып, енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауға тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек.
Өкілетті органдардың қазіргі танда қабылдап жатырған шешімдеріне әр кәсіпорындағы кәсіподақ мүшелері түсіністікпен қарап, қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Енді қатал карантин ғана науқас санын геометриялық өсуден сақтайды. Жұмыс берушілер қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау шараларын қабылдау кезінде әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының пікірін ескеруге, жұмысшылардың жаппай босатылуына, жалақының төмендеуіне, еңбек жағдайының негізсіз нашарлауына жол бермеуге, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыс орындары мен кеңселерде қауіпсіз жағдайлар жасау, жұмыс режимін қазіргі заманғы байланыс құралдарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеу жолымен қалыптасқан жағдайға бейімдеуге, төтенше жағдай енгізілген мерзімде несиелік төлемдер мен пайыздық өсімдерді төлеуден уақытша босату мүмкіндігін қарастыруы қажет.
Үкімет талаптарын орындайық ағайын!
Сурет автордыкі және m.azh.kz сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему