Қылмыстық жазаларын өтегендерге әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қылмыстық жазаларын өтегендерге әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

6 Декабря 2018 (14:23) | 1903 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы әкімдігінде 5 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың төрағалық етуімен, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.

 

 

Шараға облыстық прокуратураның, әділет департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының, мәдениет басқармасының, жер қатынастары басқармасының, білім басқармасының, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшылары, облыстық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ аудан әкімдері бейне селекторлық режимде қатысты.

 

Кезекті отырыста түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі мәселелер талқыланды, аталған мәселе бойынша шағын және орта бизнес субъектілерін тарта отырып, түзеу мекемелерінде өндірістік цехтар ашу, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандарға пробациялық әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі талқыланып, аталған мәселе бойынша аудандық және қалалық әкімдердің ықпал етуімен аудандық орталықтарда қосымша жұмыс орындарын ашу мәселелері көтерілді.

 

Басқосуға қатысушылардың баяндамалары тыңдалған соң, мүдделі органдарға ГМ-172/6 мекемесінің аумағында өндіріс орындарын ашу бойынша шағын және орта бизнес өкілдері арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу; бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға қатысты әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясында белгіленген шараларды қабылдау, оларды ақылы жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарының жалпы санынан пайыздық мөлшерде квота көлемін барынша ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

 

 

Бұдан басқа, «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашдағы № 853 бұйрығына сәйкес, қалалық және аудандық әкімдіктердің жанындағы жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде консультациялық-кеңесші органдардың жұмысын жүргізу және оны қатаң бақылауға алу туралы тапсырмалар берілді.

 

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі әділет майоры Нұржан Жайлыбаев

 

Суреттерді түсіргенҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему