«Каспий-2» командасы  шайбалы хоккейден облыс Кубогы мен  300 мың теңгенің иесі атанды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 10:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Каспий-2» командасы шайбалы хоккейден облыс Кубогы мен 300 мың теңгенің иесі атанды

2 Декабря 2017 (22:44) | 1898 | Автор: Нурганым Имашева

1 желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күніне орай «Ақтау» сауда-ойын сауық орталығында шайбалы хоккейден Маңғыстау облысының Кубогы өтті.

 

 

Жарысқа Ақтау қаласының «Каспий-1», «Каспий-2» командалары қатысып, өзара күш сынасты.

 

Маңғыстау облысы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қарабалаев Нұрбек Жұмабекұлы:

-Бұл жарысқа 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған 2 топ қатысуда. Жарысты ұйымдастырушылар: хоккей федерациясы, Маңғыстау облысының әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасы және Ақтау қалалық әкімшілігі мен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі.

 

 

Сайыстың жүлде қоры - 500 мың теңгені құрайды, жеңімпаз командаға Кубок пен 300 000 теңге табысталады, ал ұтылған топқа  - 200 000 теңге беріледі.

 

Бүгінгі таңда біздің облысымызда хоккей деген спорт түрі арнайы мұз айдыны болмаса да, дамып келеді. Сонымен қатар мұзда мәнерлеп сырғанауға да қызығушылық арта түсуде. Мысалы, өзіміздің Гауһар есімді қызымыз бар. Ол  - халықаралық дәрежедегі жарыстардың жеңімпазы.

 

 

Хоккейден өткізіліп отырған жарыс – осы спорт түрінің аймақта дами түсуіне ықпал ету, халықтың назарын осы спортқа бұру, жастарды қызықтыру, олардың арасында шайбалы хоккейді насихаттау мақсатында ұйымастырылып отыр.

 

Өзіңіз көріп отырғандай, бүгінгі жарысты тамашалауға келген халықтың саны көп. Сондықтан ойынға деген қызығушылық бар. Бұл спорт түрін дамытуға болады, - деп мәлімдеді.

 

Қос команданы бірдей жаттықтыратын бапкер, шайбалы хоккейден спорт шебері Шахов Дмитрий Александрович:

-Хоккеймен бізде үш топ: кіші (2012ж.-5 жастан бастап), орта (10-12 жас) және үлкен топ (2002ж. -15 жастағылар) айналысады. Аптасына 3-4 рет балалар жаттығуға қатысады.

 

Бүгінгі ойынға ең үлкен топтағы жасөспірімдер қатысты. Мұз айдыны болмағанына қарамастан біз  өзімізше жаттығып, Қазақстан чемпионатына, республикалық жарыстарға барып тұрамыз. Жергілікті басшылық қолдан келген көмектерін көрсетіп отырады.

 

 

Соңғы бес жыл бойы бізге мұз айдынын салып береміз деп уәде етуде, әлі күтумен жүрміз. Балаларымызды спортқа баулу үшін бізге мұз айдыны өте қажет,  әрине, -дейді.

 

 

Дмитрий Александровичтің 3 жасар қызы да мәнерлеп сырғанаумен айналысады екен.

 

Ойын барысында қос команда да тең түсіп, негізгі уақытты 3:3 есебімен тең дәрежеде аяқтағандықтан жарыс төрешісі қосымша буллит әдісін қолданды. Осы буллиттің қорытындысымен қарсылас команданың қақпасына ақырғы жеңіс шайбасын салған «Каспий-2» командасы 4:3 есебімен жеңіске жетті.

 

Марапаттау сәтінде екі команданың ойыншыларына дипломдар табысталды, ұтылған «Каспий-1» командасына- 200 000 теңге берілсе, жеңімпаз атанған «Каспий-2» тобына – 300 000 теңге мен Маңғыстау облысының Кубогы табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему