Коронавирусты анықтау сараптамасын қайдан алуға болады?
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Коронавирусты анықтау сараптамасын қайдан алуға болады?

19 Марта 2020 (09:04) | 1567 | Автор: Нурганым Имашева

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен келіп түскен төмендегі ақпаратқа назар аударыңыз.

 

 

-Егер сізде немесе сіздің таныстарыңызда коронавирустың белгілері байқалса (құрғақ жөтел, қызба, әлсіздік), сіз 1406 байланыс орталығынан кеңес алаласыз немесе 103 нөміріне қоңырау шалып, жедел медициналық бригаданы шақыра аласыз. Тестілеу қажеттілігін дәрігер анықтайды. Өздігімен тексеру жүргізілмейді.

 

Айта кетейік, 1406 Call-центр орталығына бүгінгі күнге дейін Маңғыстау тұрғындарынан филиалымызға 40 шағым келіп түсті. Олардың:

 

30%-дан астамы – тегін қызмет үшін ақы төлеуге кеңес берген,

 

25%-ы медициналық қызметтің көрсету сапасына байланысты болып отыр,

 

20%-ы дәрігерлердің жетіспеуіне, кезектің көп болуына байланысты туындаған,

 

ал 13%-ы МРТ, КТ сияқты қымбат тұратын қызмет түрлерін алу мәселелеріне қатысты.

 

Колл-орталықтың артықшылықтары:

 

біріншіден, 1406 нөмірін теру жеңіл, әрі тегін, еш демалыссыз 24/7 жұмыс істейді.

 

екіншіден, қалдырған арызыңыз мәселеңіз тез арада, яғни ары кетсе 1-2 күнде шешіледі;

 

үшіншіден, колл-орталық бірден Нұр-сұлтан қаласындағы орталық аппаратқа түседі, ал бұл «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры төрағасының жеке бақылауында. Өйткені, Қордың негізгі міндеті – пациенттің құқығын қорғау,- делінген хабарламада.

 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайлары туралы мәлімдемесінен кейін халық арасында алаңдаушылық айтарлықтай өсті. Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бірыңғай байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түсетін болса, ал қазір олардың саны 3 есеге артты - күніне 6 мыңға дейін.

 

Осындай маңызды кезеңде ағзаңызды мүмкін болып қалатын жұқтырудан сақтану және алдын-алу үшін барлық шараларды қабылдау қажет. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайндығынан өтті».

 

-Байланыс орталығы қажетті алдын-алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге сырқатталып қалған кезде қайда бару керектігін, қандай симптомдарға назар аудару керектігін, қайда талдауларды (анализдерді) тапсыруға болатындығын түсіндіреді. Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар халықты қорғауға бағытталған. Алайда, қоғамдық орындарға бару денсаулыққа қауіп төндіреді екенін саналы азаматтар түсінуі керек, – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі айқындады.

 

Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауыңызға болады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

 

 

Суреттер баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему