Болашақ математиктердің жеңісі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Болашақ математиктердің жеңісі

16 Августа 2016 (18:17) | 2931 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Маңғыстау облысынан бір топ оқушы Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Шексіз математика» турниріне қатысып, түбекке жүлделі оралды.

 

Шын жүйріктердің білім сайысының финалдық турының қортындысы туралы айтып беруін өтініп, «Алғыс-Ақтау» кеңес-білім беру Орталығының директоры Мадибаева Гүлшат Сақтапқызына хабарласып, біраз жайға қанықтық.

 

 

Щілде айының 24 - 31 аралығында Алматы қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Шексіз математика» турнирінің финалдық турында математика пәнінен өз білімдерін, логикалық қабілеттерін көрсетуге 10 оқушыдан құрылған «Алғыс-Ақтау» кеңес - білім беру орталығының тыңдаушыларынан команда жинақталған. Топтын жетекшісі ретінде Орталықтың директоры физика ғылымдарының кандидаты Гүлшат СақтапқызыМадибаева мен математика пәні мұғалімі С. Ж. Бегеева тағайындалған.

 

«Алғыс-Ақтау» кеңес-білім беру Орталығының директоры Мадибаева Гүлшат Сақтапқызы:

- ТурниргеАлматы, Атырау,Ақтауқалаларының командалары қатысты. Астана, Семей, Қарағандыкомандаларысолкездегі орын алған оқиғаларға байланыстықауіпсіздіксақтап, қатысаалмады. Үш күнбойы «Туран» университетініңбазасында 1-10 сыныпоқушыларыдайындықтанөтті. Бастауышсыныпоқушыларыныңалдынанешетүрлілогикалықойындарүлгілерін (шетелдіңжан-жағынанәкелінген) қойылған-ды, олар айналасындағының бәрінұмытып, қызығушылықпен есептерді шешудіңамалдарынтабуғакірісті.

Балаларға арналған сабақтарды мұғалімдер – Қазақ еліне еңбегі сінген белгілі математик, халықаралық олимпиадалардың ұйымдастырушысы - Белянская Г.В, м.ғ.к Искакова А.Е, Абдуллаев М, т.б. өткізді.

 Төртінші күні олимпиаданың өзі өтті. Шынайы тартысқа түскен балалар, менің ойымша, өздерін өзгелердін жетістіктерімен салыстырып ойын, бойын түзеткендей болды. Жүлделі орын алған мына оқушыларымызды, ата-аналарымызды құттықтаймыз, - дей келе аймаққа жеңімпаз боп оралған оқушыларды атады:

Күміс медальға ие болғандар: Сералиев Нұрбол, Сералиева Әмина, Ислам Нұрберді - 5 сынып оқушылары, № 13 гимназия мектебінен (өз бағыттарымен барған қатысушылар) Нисанбаева Аида №23 мектеп 7-сынып оқушысы - 3-орын, қола медаль, Тоқбай Бағылан №20 мектеп 3-сынып оқушысы, 3-орын, қола медаль.

 

Топтық жұмыс бойынша Кусаинов Ержан №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің 4-сынып оқушысы, 2-орын, күміс медальдің иесі атанды

 

- Қызуғышылық білдірген барлық ата-аналарды, мұғалімдерді бірге жұмыс жасап, ізденуге шақырамыз,- дейді физика ғылымдарының кандидаты «Алғыс-Ақтау» кеңес-білім беру Орталығының директоры Мадибаева Гүлшат Сақтапқызы:

Бастауыш сыныптан бастап, 10 сынып оқушыларына дейін математика ғылымына қызығушылық танытып, қабілетін шыңдағысы келетін оқушылардың білімін көтеріп, Республикалық және Халықаралық Олимпиада жарыстарына дайындауға көмектесетін аталмыш Орталыққа мына телефондар арқылы байланысуға мүмкіндік бар:41-17-15 немесе 40-39-60.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему