Маңғыстаулық дәрігерлер жүкті келіншектің жүрегіне ашық түрде күрделі ота жасады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық дәрігерлер жүкті келіншектің жүрегіне ашық түрде күрделі ота жасады

28 Февраля 2020 (11:37) | 1468 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық ауруханасында жүрегінде ауыр ақауы және жүректе пайда болған ревматизм ауруы бар жүктілігі 37 аптадан асқан әйелге күрделі ота жасалды. Облыстық аурухананың дәрігерлері жүкті келіншекті ультрадыбыспен зерттеу кезінде осындай диагноз қойған болатын. Ақ халатты абзал жандардың алдында ана мен өмірге әлі келмеген сәбиді аман алып қалу міндеті тұрды.

 

 

Маңғыстау облыстық ауруханасы жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің кардиохирургі Альберт Абұлхасовтың айтуынша, жүкті келіншектің өкпесінің ісіп кетуіне байланысты оның демалуы қиындай түскен. Бүйрегі мен бауыры ауырып, жағдайы дәрігерлердің көз алдында нашарлаған. Дәрігерлер өзара ақылдаса келе кесарь тілігін жасау қажеттігіне тоқталған. Ота сәтті жасалған соң өмірге дені сау ер бала келді. Ал анасының қос жармалы қақпақшасы тарылғасын протездеу қажеттігі туындап, ашық түрде жүрекке ота жасауға тура келген.

 

 

Бұл ретте шұғыл әрекет жасаған кардиохирургтер, гинекологтар, сонымен қатар Ақтөбе қаласынан шақыртылған ультрадыбысты зерттеу дәрігері, кардиохирург, оның көмекшісі және анестезиолог. Ота 5 сағатқа созылған, ең бастысы нәтиже жаман емес.

 

-Ауруханада екі апта жатып емделген соң, әйелдің жағдайы жақсарған күннен бастап баласымен бірге үйіне жіберілді. Дәрігерлерге жиі хабарласып отырады және өзінің денсаулығы туралы мәлімет беріп, қажеттілік туындаса олардың кеңесіне жүгінеді.

 

 

Айта кету керек, облыстық перинаталдық орталығының және біздің аурухананың кардиохирургтарының біліктілігін арқасында осындай қиын отаны жасап шықтық. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қажетті қолдауды көрсетіп отыр, - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры Болатбек Қаюпов.

 

Бұл жағымды жаңалықпен Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бөлісті.

 

Суреттерді түірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему