Ақтауда пәтерін қандаладан тазалаймын деп көршісін ауруханадан шығарды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 08:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда пәтерін қандаладан тазалаймын деп көршісін ауруханадан шығарды

13 Февраля 2020 (15:11) | 1581 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласы 4 ш/а 57 үйдің тұрғыны көршісінің кесірінен екі қызымен ауруханаға түсіп қалды. Жедел жәрдем бригадасы 42 жастағы әйелдің және 15 пен 10 жасар екі қызының химикалық заттармен уланған деген диагноз қойған.

 

 

Өздерін жайсыз сезінгендері ескеріліп, шұғыл түрде анасын облыстық ауруханаға ал қыздарды көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген. Әйелге тиісті медициналық көмек көрсетілген үйіне жіберілген. Абырой болғанда оған ауруханаға жатып ем-дом қабылдау қажеттілігі болмады. Алайда екі қызын ауруханаға жатқызуға тура келді.

 

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек донор көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлық ем-дом шаралары ұйымдастырылды. Екі қыздың жағдайы тұрақты. Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Екі-үш күнде үйіне жіберіледі деп күтілуде. 

 

Зардап шегуші Юлия Молдованның айтуынша, бұл жағдай осыдан екі күн бұрын болған. "

 

-Үйге келсем жағымсыз иістің барын сездім, үйде үлкен қызым бар еді, содан ұрасам бұл иістің пайда болғанына біраз болғанын айтты. Төтенше жағдайлар және полиция департаменттеріне хабарластым. Олар келе салысымен үйдің иесін тауып, шақыртқан болатын. Үйіне кіріп қарасақ расында да қандаланы улаймын деп есігін кілттеп, өздері басқа мекен жайға кетіп қалған. Неге көршілерді ескертпедіңіз десе, не үшін ескертуім керек деп жеңістік бермеді.

 

 

Алғашында ауаны тазарту үшін балкондағы терезені ашып бір тәулікке қалдырған еді. Ал кеше үйге келсем тағы да терезені жауып кеткен, қайтадан жағымсыз иісті сезіндік. Құсқымыз келіп, басымыз айналды, қыздарымның жағдайы бірден нашарлай түскенін байқадым, үйде отыру мүмкін болмаған соң жедел жәрдем станциясына хабарластым. Осылай балалар ауруханасынан бір-ақ шықтық. Екі күн болды, қажетті медициналық көмегін алып жатыр. Дәрігерлерге алғысым шексіз, күндіз - түні қасымызда. Енді көршімнің үстінен шағым түсіремін, тиісті жазасын алсын, - дейді ол.

 

Айта кету керек, жыл басынан бері қандаланы улау кезінде көрші пәтер тұрғындарының химиялық заттан улану бойынша бұл екінші дерек. Ал өткен жылы осындай дерек бойынша жедел жәрдем қызметіне тұрғындар 13 рет телефон шалған. Өкінішке орай, салдарынан көз жұмғандар болды, араларында кәмелеттік жасқа толмаған және ересектер де бар. 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему