Облыста «Келешек» жастар қанаты жұмысын бастады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыста «Келешек» жастар қанаты жұмысын бастады

13 Ноября 2015 (10:16) | 1885 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының ұйытқы болуымен аймақта алғаш рет «Келешек» жастар қанаты құрылды. Облыстағы жұмысшы жастардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды жасақтау, жастарды кәсіподақ қызметіне араластыру мақсатында құрылған бұл ұйымға үлкен үміт артылуда.

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков:

- Біздің басты мақсатымыз-жастарды кадрлық резервке дайындау, атқарушы және өкілдік органдарымен, жастар бірлестіктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, жұмысшы жастардың еңбек құқықтарын және әлеуметтік кепілдемелерін қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас орнату. Орталықта жастардың қатысуымен әр түрлі бағытта жобалар жүзеге асырылатын болады. Енді біз жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесіп, жастарды тың жобаларға қатысуға тартатын боламыз.

 Жалпы алғанда облыста 30 мыңға жуық кәсіподақ ұйымдары жұмыс жасайды. Республика көлемінде атап өтетін болсақ, кәсіподақтар құрамында 730 мыңға тарта жастар бар. Айтарлықтай үлкен санға ие болатын осындай ұйымның болашағы зор. Ал, бүгін жұмысын бастаған облыстағы «Келешек» жастар қанатының төрағасы болып Ғани Әбдісадықов сайланды. Алда бізді жүзеге асыратын тың жобалар мен үлкен көлемдегі жұмыстар күтіп тұр,-деді жаңа ұйымның мақсаты мен алдағы жұмыстары туралы.

 

Айта кетер болсақ, мұндай орталықтар еліміздің жеті облысында құрылған. Сондықтан да 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қаласында еліміздегі «Келешек» жастар қанатының атсалысуымен республикалық кең ауқымды шара өткізілу жоспарлануда.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему