Тергеу изоляторының кезекші бөлімінде тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тергеу изоляторының кезекші бөлімінде тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді

28 Января 2020 (12:37) | 2155 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы мәлімдеген Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-Атқару Жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесі - Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі әділет  капитаны Джумабай Абдусаматович Мустафиннің айтуынша, «Жаза басып, жазықты болып, заңды бұзып, қылмыстық әрекетті жасаған тұлғаның барар жері алдымен - тергеу изоляторы, кейін – түзеу  мекемесі екені болатыны анық. Қылмыстық әрекет жасады деп күдікті саналып, тергеуде жүрген немесе Қылмыстық Кодекстің белгілі бір бабына сай қылмыстық әрекет жасауына байланысты тергеуден соң айып тағылған айыпталушы тұлғалар сот процесі аяқталғанша қоғамнан уақытша оқшауланып,  тергеу изоляторында қамауда болады.

 

 

Тергеу изоляторы болсын, мейлі түзеу мекемесі болсын – бұл бостандықты шектеу орны. Алайда тергеу изоляторының түзеу мекемелеріне қарағанда өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, бұл  - емін-еркін жүруге тыйым салынған жер. Яғни, еркіндікке мүлде жол берілмейтін режимдік нысан болып табылады».

 

-Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-Атқару Жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесі осындай санаттағы тергеу изоляторы. Аталмыш мекемеде қылмыс жасауына байланысты күдікті ретінде тергеуде жүрген және тергеу изоляторының шаруашылық жасағында қызмет етуге қалдырылған сотталған тұлғалар және арнайы контингенттердің тәртібі мен режимін, тәрбиесін, денсаулығын және тағы басқа жағдайларды қатаң қадағалайтын қызметкерлер қызмет етеді.

 

Көпшілік үшін жабық мекеме болғандықтан, мұндағы тексеріп-бақылау қызметі күшейтілген режимде қызмет атқарады.

 

Күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау шарттары, қазіргі ережелерге сәйкес және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен және басқа да заңдармен реттеледі.

 

Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысындағы ҚАЖ департаментіне қарасты ГM-172/10 мекемесінің кезекші бөлімінде тәулік бойы 8 (7292) 60-58-74  сенім телефоны жұмыс істейді.

 

Кез-келген адам осы телефон нөміріне қоңырау шала алады және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы ақпарат қалдыра алады. Азаматтардың хабары арнайы нөмірленген журналда қатаң жазылады.

 

 

Шұғыл желі арқылы алынған барлық ескертулер мен ұсыныстар және шағымдар бойынша дереу тиісті шаралар қабылданады. Шұғыл желідегі сенім телефонының қызметінің тұрақты жұмысы қылмыстық атқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған,-дейді Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-Атқару Жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/10 мекемесі - Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі әділет  капитаны Джумабай Абдусаматович Мустафин.

 

Сурет автордыкі  жәнеtengrinews.kz  сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему