Өрт сөндірушілер арасында іскерлік ойын ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 09:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндірушілер арасында іскерлік ойын ұйымдастырылды

14 Февраля 2019 (14:02) | 2659 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының мәлімдеуінше, «Топтық жаттығулар немесе іскерлік ойындар – азаматтық қорғаудың басшы құрамының тактикалық дайындығының ең белсенді нысаны. Олар құтқарушыларға күштер мен құралдарды басқару дағдыларын, өртте үздіксіз өзгеріп тұратын жағдайында бағдарланып, әрекет ету дағдыларын үйретуге мүмкіндік береді. Топтық жаттығу тактикалық дайындық формасы ретінде қызметтік дайындық жүйесіндегі теориялық сабақтар мен практикалық сабақтар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады және ол нақты жедел жағдайды модельдеу жағдайында жүргізілетіндігімен сипатталады».

 

«Адамдар жаппай жиналатын нысаналарда ықтимал өрт кезінде өрт сөндіруді ұйымдастыру және күштер мен құралдарды басқару» тақырыбында іскерлік ойын түрінде «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі сабақ өткізді.

 

 

Іскерлік ойынның мәні – басқарушы құрамның сабақтағы тактикалық ойға сәйкес өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша міндеттер мен іс-қимылдарды әзірлейді. Лауазымды тұлғалардың бірі (өрт сөндірудегі басшылық, штаб бастығы, жауынгерлік учаске бастығы және т.б.) рөлінде әрекет ете отырып, басқарушы құрам жедел жағдайды талдайды, топтық жаттығудың тактикалық ойына, сөндіруге арналған күштер мен құралдардың теориялық есебіне және топтық жаттығу материалдарында баяндалған кіріспе мәліметтерге сүйене отырып, шешімдер қабылдайды және өз іс-әрекеттерін баяндайды. Ол қажетті өкімдер береді, оның иелігіндегі күштер мен құралдарды іске қосады.

 

Сабақ барысында жедел жағдай өртте жаңа жағдайларды модельдеу арқылы өзгеруі мүмкін (жаңа кіріспе беру). Бұл жағдайда білім алушылар жағдайды қайта талдайды, тиісті есептер жүргізеді, шешім қабылдайды және өкімдер береді, -дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

 

Баспасөз қызметінің жабарлауынша, «Сабақтарда өрттерді сөндіру теориясы мен тәжірибесінің келесі мәселелері өңделеді:

- Өртті барлауды ұйымдастыру және жүргізу;

- Өрт жағдайын бағалау және жауынгерлік әрекеттердің шешуші бағытын анықтау;

- Өрт сөндіру бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға шешім қабылдау;

- Өрт кезінде штаб, тыл және байланыс жұмысын ұйымдастыру;

- Нысананың инженерлік-техникалық қызметкерлерімен, арнайы қызметтермен; бөлімшелермен және жауынгерлік учаскелер арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

- Өрт сөндіруге арналған күштер мен құралдарды есептеу.

 

Сонымен қатар, қалай және неге іскерлік ойындардың көмегімен жұмыс істеу керектігін үйреніп қана қоймай, коммуникативтік, көшбасшылық қасиеттер, күрделі әрі тез өзгеретін жағдайларды бағдарлай білу сияқты табысты жұмыс істеу үшін маңызды сапаларды үйретуге болады. Стресстік және сыни жағдайларды жеңуге болады».

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему