Шетпедегі Берекет Жұмалиев атындағы №2 орта мектептің 2006 жылғы түлектері футбол өткізді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетпедегі Берекет Жұмалиев атындағы №2 орта мектептің 2006 жылғы түлектері футбол өткізді

26 Марта 2018 (14:04) | 5199 | Автор: Нурганым Имашева

Шетпедегі Берекет Жұмалиев атындағы №2 орта мектептің 2006 жылғы түлектері өмірден ерте кеткен құрдастары Бекзат Сайкомов, Жәнібек Байпақов және Айбек Дәлуовті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өткізді. Осыдан 2 жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылып, биыл жалғасын тапқан жарысқа аталған мектепте оқыған 1987–1997 және 2000 жылы туған жастар қатысып, бағын сынады.

 

 

Жастарды елжандылыққа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған футбол қызықты да тартысты өтті. Ептілікті, жылдамдықты, төзімділікті, ұйымшылдықты қажет ететін ойын қорытындысында 1-орынды 1989 жылғы жастар жеңіп алды.

 

Тартысты бәсекеде 2-орынның жүлдесін 1995 жылғы жастар қанжығасына байласа, 3-орын 1992 жылғы жастардан құралған командаға бұйырды.

 

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан грамота мен қаржылай сыйлық табыталды. Жүлделі 1-орынға - 50 мың,  2-орын иегерлеріне - 30 мың, 3-орын алғандарға - 20 мың теңге берілді.

 

 

Сонымен қатар, белсенділік танытқан Ануар Аманжолұлы, Ақжол Алиманов «Үздік шабуылшы», Ерболат Мұратов «Үздік қақпашы» аталымын жеңіп алды. Үздіктерге де қаржылай сыйлық табысталды.

 

Бүгін ағаларымызды еске алуға арналған турнирге қатысып, 2-орынды жеңіп алдық. Қуаныштымыз. Жәнібек Байпақов ұстазымыз бізді кезінде футболға баулып, қыр-сырын өзі үйреткен еді. Наурыз мерекесі кезінде шынығып, бір сергіп қалдық. Жарыс жеңімпаздарын жеңісімен құттықтаймын!–деді Ақжол Алиманов.

 

Жарыс соңында өмірден озған достарымыздың ата-аналарына құрмет білдіріп, сыйлығымызды табыстадық. Бір қуанып, жасап қалған олар біздерге алғысын айтып, бата берді.

 

Ұлыстың ұлы күнгі мейрамда өмірден өткен достарымыздың рухына Құран бағыштап, мал сойып, ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға ет, азық-түліктер апардық.

 

Әділжан ОРАЗАЛЫ Шетпе кенті

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему