Жаңаөзендік тәртіп сақшысы сыйақы бергені үшін жауапкершілікке тартылды
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 00:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік тәртіп сақшысы сыйақы бергені үшін жауапкершілікке тартылды

26 Декабря 2019 (09:21) | 2597 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен келіп түскен ақпаратта: «Бізбен Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының инспекторы, полиция майоры З.А.Джумаганбетоваға қатысты заңсыз материалдық сыйақы беру (ҚР ӘҚБК-нің 676-бабы) дерегі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

 

 

Атап айтқанда, З.А.Джумаганбетова Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Ақназаровқа пәтерін рәсімдеу кезінде көрсеткен көмегі үшін 3000 тенге мөлшерінде қаражат берген.

 

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019-жылғы 20 қарашадағы қаулысымен З.А.Джумаганбетова ҚР ӘҚБК-нің 676-бабымен кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК мөлшерінде (505 000 тенге) айыппұл салынды.

 

Сонымен қатар, көрсетілген сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін біз, облыстық Полиция департаментіне З.А.Джумаганбетованың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты құқық қорғау қызметінен теріс себептер бойынша шығару туралы ұсыныс жолданды.

 

Ұсыныс қаралуда»,- деп хабарланған.

 

-Мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы беруге тыйым салынған.

 

Егер сыйақы мөлшері 2 АЕК аспайтын болса, сыйақы берген 505 мың тенге, ал алушы 1,5 млн. тенге қазынаға төлейтін болады. Сыйақы мөлшері 2 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған,- деп түсіндіреді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

 

Суреттер today.kz 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему