Жылқы ұрлаған баукеспелер тұтқындалды
19 Декабря 2019 (14:38) | 1930 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «15.12.2019 жылы сағат 06:30 шамасында "Бейнеу-Шетпе" трассасында Газ-30232-244 маркалы автокөлікпен ешқандай құжаттары жоқ азамат бауыздалған 3 бас жылқыны Ақтау қаласына алып бара жатқан жерінен Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен тоқтатылған».
-Бейнеу АПБ қызметкерлері жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде аталған 3 бас жылқының иесі Боранқұл селосының тұрғыны екендігі анықталды.
Кейіннен белгілі болғандай, Боранқұл селосынан 30 шақырым жерде белгісіз біреулер өрісте жүрген 2 бас биесін және 1 бас айғырын мылтық қаруымен атып, содан соң атып алған 3 бас жылқыны сойып, белгісіз автокөлікке тиеп ұрлап кеткен.
Келтірілген шығын сомасы – 1 350 000 теңге. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен СДТБТ-не тіркеліп, жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша қамау абақтысында,-делінген баспасөз қызметі жолдаған мәліметте.
Суреттерді түсірген Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему