Тіл мерейі – ел мерейі
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 21:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тіл мерейі – ел мерейі

26 Января 2020 (22:00) | 3649 | Автор: Нурганым Имашева

Әр елдің мемлекеттік тілі басты байлығы, жауһары, ұлттық ұжданы. Қазақтың шұрайлы, көркем тілінің де ұлтпен бірге жасасып келе жатқанына ғасырлар өтті. Қазақ тілі- халықты бір-біріне жақын еткен,  қарым-қатынасының негізгі  құралы болған тіл.

 

 

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі- әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті, тілдердің бірі. Көп тіл білгеннің жұлдызы – жарық,  көзі – ашық, жан-жақпен байланысы мықты. Бірақ, өз елінің ұлттық тілінің мәртебесін көтеру әрбір ұл мен қыздың, жасымыз бен кәріміздің азаматтық парызымыз екенін жақсы түсінуіміз қажет.

 

-Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады»,- деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті.                                   

 

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Қазақ тілі- халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар  ақыны М.Жұмабаев «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы-әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

 

Бүгінде біз тәу еткен, үлгі тұтқан билер де осы бір ауыз сөздің құдыретін біліп, тілді еркін меңгергенінің арқасында ел арасындағы дауды басқан, екі тарапты бітімге келтірген. Сөздің құдіретін ұғынған халықтың ұрпағы болғандықтан,тәуелсіздік алғаннан кейін де мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге барынша жағдай жасалып келеді. Өйткені, мемлекеттік тілдің мерейі-барша елдің мерейі.  

 

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Содан бері мемлекеттік қызметтегі кіріс-шығыс құжаттары толықтай мемлекеттік тілге көшірілді. Бұл үрдістен қазақстандық сот та қалыс қалған жоқ. Бүгінде Конституциямыз мемлекеттік тіліміздің жоғары деңгейде қолданылуына кепілдік беріп, оның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі екендігін  нақты бекітіп отыр. Елімізде мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылып, әлбетте мемлекетіміз Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін қамқорлық жасап келеді.

 

 

Тұңғыш Елбасымыз өзінің «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», -деген еді. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүзеге асырылады, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылатындығы «тайға таңба басқандай» жазылған. Сондықтан, судья мемлекеттік тілді ысырып, өз тілінде іс жүргізе алмаудың бүкіл сот жұмысына сын екендігін әрқашан жадында ұстағаны абзал.

 

Алайда, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленетіндігін  айтып кеткен жөн. Яғни, тараптардан, өкілдерден арыз-шағымдардың көбіне орыс тілінде түсетіндігі ащы шындық. Сонымен бірге, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың әр жолдауында мемлекеттік тілге басымдық беріп, көңіл бөлуі өзге ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді үйренуге деген ықыласын оятқанын аңғарып жүрміз.

 

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді көздеген шаралар тек Ата Заңның тетіктерімен шектелмейді. Тілге деген оң көзқарасты нығайту мақсатында Тұңғыш президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасы» мақұлданғаны белгілі.

 

-Иә, кейде көшеде, болмаса, қоғамдық орындарда бір-бірімен өзге тілде шүлдірлескен замандастарымызды көріп, қынжылатынымыз  рас. Көшенің көрнекті жерлеріне ілінген билбордтардағы мемлекеттік тіліміз де жазылған жарнама қателерін көріп те ұялып жатамыз. Осындайда батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту»,-деген сөзі еріксіз еске түседі. Сондықтан, ұл-қызымызды ана тілімізбен сусындатып, осынау бай тіліміздің құндылығын бойына сіңіріп, құрмет тұтсақ қана ана тіліміздің мәртебесі биік болмақ,-деп аяқтапты біздің басылымға осы мақаласын жолдаған Жаңаөзен қалалық сотының жетекші маманы Джарылкасымова Гульшат. 

 

Суреттер   aikyn.kz, inform.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему