Әдепті қызметкер- мемлекет айнасы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әдепті қызметкер- мемлекет айнасы

30 Апреля 2018 (14:19) | 3421 | Автор: Нурганым Имашева

Мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-әдептік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

 

 

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.                       

 

Мемлекеттік қызметшілердің жалпы стандарттары негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілді.

 

Осы кодексте «мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді» делінген.                                     Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған негіздермен жұмыс атқару қажеттігі түсіндіріліп отыр.

 

Жаңадан жұмысқа орналасқан сәттен бастап қызметкерлерді Әдеп Кодексінің мәтінімен таныстыруды тұрақты түрде орындау басшылыққа алынған.

 

 

Еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп стандартын сақтауы сенімді түрде өркендеген, мәдениеті жоғары Мемлекет болуға қол жеткізудің нысаны екендігін аңғартады. Мемлекеттік қызметшілерге зор міндеттер жүктелуде.

 

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап қатаң, оған сыншы да мол. Сонда адамды осы жүгі ауыр қызметте не ұстайды? - деген орынды сауал туындап жатады. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – халыққа адал қызмет ету. Бұл жолда олар халықтың мүддесін жоғары қойып, әділ шешім қабылдап, қарапайымдылық, адамгершілік танытуы тиіс.             

 

Әдепті, сабырлы да шыншыл, әрі ұлтжанды қасиеттері мол азаматтардың мемлекеттік қызметті адал атқаруы еліміздің өркендеп-өсуіне зор үлес қосады, халық арасында мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтып, оған деген халықтың сенімін арттырады. Сол себепті, мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жолдайды. Сондықтан, біз еліміздің, халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық.

 

Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда мемлекеттік қызметкерлер халыққа жақын болады» - деп айтты.

 

Елбасының айтқан бұл сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс. «Елге еткен қызмет – абыройлы міндет» - деп білген мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген міндетті абыроймен орындай беретініне сенімдімін.

 

Гүлнар Кощиева АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық камтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

Суреттер  uz24.uz  сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему