«Адалдық сағаты» жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға үндейді
15 Ноября 2019 (11:22) | 3965 | Автор: Нурганым Имашева
Облысымыздың барлық мектептерінде «Адалдық сағаты» өтті. Пернегүл Қаржаубаеваның хабарлауынша, Ақтау қаласындағы №20 М.Әуезов атындағы орта мектепте де «Адалдық сағаты» жалғасын тапты. Раушан Қонарбаева жетекшілік ететін 11 «Б» сыныбында өткен ашық тәрбие сағатында оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды , адами асыл қасиеттерді игеруге ықпал етіп, жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайы сөз болды.
«Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдер ме?» деген сауал төңірегінде ой қозғаған Гүлназ Закария, Еркебұлан Тұраров, Аслан Мәдиев, Дастан Қазиев, Асқар Қайролла, Әсел Жанайдарова сияқты оқушылар адам бойындағы адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы сияқты тақырыптарға өз ойларын білдірді. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас деген пікірлерімен де бөлісті. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті.
Кең көлемде ұйымдастырылған тәрбие сағатының мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Қоғамда оқушылармен байланысты болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған шара жоғары деңгейде өтті.
Фотоны ұсынған Пернегул Қаржаубаева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему