Маңғыстау облысы: «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті
15 Ноября 2019 (09:04) | 1814 | Автор: Нурганым Имашева
«Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйі Каспий теңізінің жағалауындағы жартас баурайында орналасқан. Tour De Grand негізгі мұнарасының алты қабаттарында тік жартаспен төмен қарай кететін жолда теңізге керемет көрінісімен және террасалары бар әртүрлі санаттағы тамаша нөмірлер орналасқан. «Caspian Riviera Grand Palace» мынадай бірегей ерекшеліктерге ие: 11 қабатты қонақ үйдің 6 қабаты теңіз деңгейінен жоғары жартасқа салынған, қонақ үйдің аумағында үлкен океанариум орналасқан, онда құнды және элиталық бекіре балықтарының тұқымдас өкілдері өмір сүреді.
2019 жылға арналған өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес, Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерімен 12-ші қараша күні «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.
Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдарды құтқару және қауіпсіз орынға көшіру, шартты өртті сөндіру, қаланың арнайы қызметтерімен өрт сөндіру қызметінің өзара іс-қимылын пысықтау.
Оқу-жаттығудың мазмұны бойынша бесінші қабатта тоңазытқыш қондырғылары орналасқан бөлмелердің бірінде өрт пайда болды. Қызмет көрсетуші бір қызметкердің эвакуациялық құтқару жолдары түтінмен жабылды.
Қонақ үй қызметкерлері мен қонақтарын өз кезегінде ғимараттан кету жөнінде өрт туралы автоматты өрт дабылы мен түтін жою жүйесі іске қосылып хабардар етті. Қонақ үй қызметкерлері өрт байланысының күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына болған өрт туралы хабарлады. КҚЖБО диспетчері №3 шақырту дәрежесі бойынша күштер мен құралдарды жұмылдырды.
Оқу-жаттығу орнына күштер мен құралдар нормативті уақытта келді. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің 5 буыны құрылды, олардың үшеуі өрт сөндіруге және екеуі 4-ші, 6-шы қабаттарды қорғауға, сонымен қатар іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Өрт сөндіру мақсатында сумен жабдықтау ғимараттан 5 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттары арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, АЛ-30 автосатысының көмегімен тоғызыншы қабаттың терезесінен зардап шеккендерге құтқару жұмыстары жүргізілді.
«Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйі бірегей, бірақ күрделі ерекшеліктерге ие: 11 қабатты қонақ үйдің 6 қабаты теңіз деңгейінен жоғары жартасқа салынған, қонақ үйдің аумағында үлкен океанариум орналасқан. Өрт-тактикалық оқу-жаттығулар төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер мен қызметкерлердің іс-әрекеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Өрт сөндіру бөлімшелерінің іс-қимылдарын жедел және үйлесімді деп бағалаймын. Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізіліп, нысанның өрт сөндіру бөлімдері мен кезекші қызметтерінің өзара іс-қимылы пысықталды, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Амирбеков Хаям.
Оқу-жаттығудан кейін жеке құрам қонақ үйдің толық сипаттамасымен танысты. Оқу-жаттығуға барлығы 45 жеке құраммен және 7 бірлік техникамен жұмылдырылды.
Суреттерді Маңғыстау облысы ТЖД ұсынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему