Судьялылыққа қойылатын талаптар түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 07:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Судьялылыққа қойылатын талаптар түсіндірілді

29 Мая 2017 (18:10) | 2436 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық сотында «Судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар, сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандарға біліктілік емтихандарын тапсыру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс-шараға облыстық сот төрағасы Жақсылық Аланов бастаған судьялар, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова мен судьялыққа үміткерлер қатысты.

 

Дөңгелек үстел басында болашақ судьяларға қойылатын талаптар мен сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандардың біліктілігі, сот қызметкерлеріне біліктілік емтихандарын тапсыру бойынша арнайы дайындау курстарын жүргізуді енгізу, соттар әкімшілігіндегі кадр мәселелері талқыланды.

 

Алғашқы сөз кезегін алған Ж.Аланов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 17-қадамы бойынша судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілгенін айта келе, «Судьяның абыройы – мемлекет пен тұтас соттың абыройы болғандықтан, талаптың күшеюі дұрыс. Мұның өзі де Елбасының жастарға деген қамқорлығының бірі», - деді.

 

Өз кезегінде М.Епенова ел президентінің ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құруға қатысты бірқатар міндеттер жүктегендігін атап өтті. Сондай-ақ, олмемлекеттік қызметшілердің мансаптық жоғарылауы тек қана конкурс арқылы жүргізілетіндігін, әрбір конкурсқа бақылаушылар қатыстырылатынын, сот қызметкерлерін қатаң талаптар сүзгісінен өткізіп, біліктілігін арттыру – сот жүйесінің беделін өсіру және болашақ судьяларды дайындау мақсатында қолға алынып отырғандығын жеткізді.

 

Жиында аталған тақырып жан-жақты талқыланып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 

- Судья боламын десеңіздер – осы талаптардан толық өтіп, жауапкершіліктің дәмін сезініп, жұмыстың маңыздылығын түсіну керек. Сонда ғана сіздерден өз мамандығын сүйетін, кәсібіне берілген шебер судья шығады, - деп қорытындылады дөңгелек үстелді сот төрағасы. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему