Мамандарға АИТВ жайы түсіндірілді
17 Апреля 2019 (09:36) | 2524 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгінгі таңда бүкіл әлем және біздің еліміз үшін ең өзекті мәселенің бірі - АИТВ инфекциясына қатысты болып отыр. Әлемнің бір бөлшегі ретінде жаһандағы жайттардан тыс қала алмайтын Маңғыстау облысында өткен жылы АИТВ инфекциясымен 52 адам тіркелді. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 41 болған еді. 1994 жылдан бері өспелі жағдайда тіркелгендердің ұзын саны 334 болып тұр.
Бұл туралы біздің басылымға ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Дерттің алдын алу және оны анықтау міндеті, әлбетте, дәрігерлерге тиесілі. Сондай-ақ дәрігерлердің АИТВ инфекциясы туралы мағлұматы мол болуы және оны жұмыс барысында жұқтырып алудан сақтана білуі де маңызды.
Жақында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығында «АИТВ инфекциясының және ЖЖБИ эпидемиологиясы, алдын алу, диагностикасы және емдеу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Облыстық тері-венерологиялық диспансерінің мамандарымен бірге ұйымдастырылған басқосуға барлық мемлекеттік медициналық емдеу-сауықтыру ұйымдарының және облыстың жекеменшік медициналық орталықтары директорларының орынбасарлары, сондай-ақ госпитальдық эпидемиологтар мен АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жауапты дәрігерлер қатысты.
Шараны кіріспе сөзбен ашқан орталық директорының міндетін атқарушы Алмабек Бисен семинардың негізгі мақсаты - АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жөнінде теориялық білімді арттыру, жұмысты кеңес беру және тестілеу жүргізу бойынша ұйымдастыру, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға диагностикалық және стационарлық көмекті ұйымдастыру, АИТВ инфекциясы кезінде антиретровирусқа қарсы терапия негіздері, АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы, АИТВ-ға экспресс-тестілеу жасаудың ерекшеліктері, ЖЖБИ-дің байланыстан кейінгі профилактикасы, диагностикасы, емдеу, кеңес берудің алдын алу екенін айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Сағымбаев семинардың сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.
ЖИТС орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Жәмила Махамбетқалиева АИТВ инфекциясы бойынша Республикадағы және Маңғыстау облысындағы эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады.
Екі күнге созылған семинарда психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері К.Калменова, алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Кемазанова, диспансерлік бөлімінің меңгерушісі Ә.Жиенғалиева және басқа мамандар дәріс оқыды.
-Семинарға қатысып, дайындықтан өткен мамандар өз мекемелерінде АИТВ инфекциясының мәселесі бойынша осындай семинар өткізеді деп күтілуде,-деп мәлімдейді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Орталықтың баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему