Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған шаралар қолға алынбақ
Курс валют в Актау
на 30/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
30 Ноября, 05:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған шаралар қолға алынбақ

16 Сентября 2019 (10:31) | 2562 | Автор: Нурганым Имашева

«Теңізшевройл» компаниясы «Гидробиология және экология институты» және «ЭкоМаңғыстау» ұйымымен бірлесіп Каспий теңізіндегі лақтырылған ауларды жинау бойынша жобаны іске қоспақ. Бұл туралы жоғарыда аталған екі ұйымның директоры - Миірғали Баймұқанов пен Кирилл Осин мәлім етті.

 

 

-Лақтырылған аулар балықтарды қоса алғанда, итбалықтардың, сондай-ақ теңіз жағалауында демалып жатқан адамдардың да өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осы қауіпті факторларды ескертуге және жоюға бағытталған шараны іске асыру Каспий итбалығының популяциясын және жалпы теңіздегі биоалуантүрлілікті сақтауда пайда әкеледі деп күтілуде – деп бөлісті «Гидробиология және экология институтының» директоры Миірғали Баймұқанов.

 

 

Мамандардың айтуынша, лақтырылған аулар мен қоқыстар итбалықтардың өліміне негізгі себепші факторлардың бірі. Тасталған ау қалдықтары итбалықтардың денесіне жабысып, зақым келтіреді, соңында олардың өліміне алып келетін жағдайлар тіркелген. Бұған 2015-2018 жыл аралығы Каспий теңізіндегі итбалықтарға жүргізілген зерттеу барысы дәлел. Мониторинг өзге де қалдықтардың көптеп тасталынатынын көрсеткен.

 

 

-Жоба 2019-2021 жылдар аралығы іске асырылады. Осы уақыт аралығында ҮЕҰ командасы мен өзге де тараптар теңіз сүтқоректілерін құтқарушыларды дайындау курстарына қатысып, итбалықтарды және бекіре тұқымдас балықтарды аулардан құтқару әдіс-тәсілдерін үйренбек. Каспий теңізінің жағалық сызығын және су бөлігін тазарту бойынша кең науқан өткізіледі. Сондай-ақ, Каспий теңізі жағалауының қазақстандық бөлігіне мониторинг жасау, теңізді лақтырылған және иесіз аулардан тазарту үшін мүдделі тараптарға жедел ақпарат ұсыну, жараланған итбалықтарға санақ жүргізу және оларды қорғау жұмыстары да іске аспақ, - дейді мамандар.

 

Суреттерді Өңірлік Коммуникациялар Қызметі түсірген және photosafari.kz сайтынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему