Ақтаулық төтеншеліктер ересектер мен балаларға сақтық ережелерін ескертті
2 Сентября 2019 (11:59) | 1860 | Автор: Нурганым Имашева
1 қыркүйек – «Білім күні» тойланған ерекше маңызға ие мерекелік шаралар өткен мектептегі салтанатты шаралардан Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері де тыс қалмады.
Ел қауіпсіздігін қорғауды өздерінің басты мақсаты санайтын төтеншеліктер мектептердің ұжымы: басшылары мен мұғалімдер, ата-аналар қауымы және оқушылармен кездесулер барысында күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға алдағы жылыту маусымы кезінде электр құрылғыларын сақтықпен қолданып, балаларды қараусыз қалдырмау, ал балғындарға сіріңкемен ойнаудың қандай қауіп-қатерге, орны толмас өкінішті жайттарға апарып соқтыратын туралы әңгімелеп, көпшілікке жадынамалар таратты.
Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кезекті оқу жылының басталуына орайластырылған мерекелік шаралар ұйымдастырылған облыс орталығындағы №3, 8, 9, 14, 16, 20, 28 орта мектептерге барып, салтанатты жиынға келген ата-аналар, мектеп оқушыларымен ұстаздардың арасында «тілсіз жаудан» сақтану, төтенше жағдайлар туындауының алдын алу бағытында сақтық шараларын пысықтады.
-Ақтау қаласының бірнеше мектептерін аралап, мерекелік шараларға қатыстық. Ата-аналарға балалардың ойынын жіті бақылап, оларды қараусыз қалдырмау керектігін, ал балаларға отпен ойнаудың қауіпті екенін түсіндірдік. Тұрмыстағы салғырттықтың салдары қандай қайғылы оқиғаларға душар ететінін ересектерге де балаларға да тағы бір мәрте ескертуге тырыстық.
Электр құрылғыларын пайдаланудың ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіру, өрт қауіпсіздігі қағидаларын еске түсіру мақсатында ата-аналар мен балаларға және ұстаздар арасында жадынамалар тарату арқылы Ақтау қаласының тұрғындарын сақтыққа шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік,-деп мәлімдеді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау кіші лейтенанты Әлібек Абилов.
Суреттерді түсірген Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему