Достық жеңген дода
26 Августа 2019 (10:33) | 1468 | Автор: Нурганым Имашева
Мемлекеттік қызметшілердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 22 тамызында «Melovoy» спорт кешенінде волейболдан тағы бір жолдастық кездесу өтті.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жақында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өз мәресіне жетсе де, мемлекеттік қызметшілер спорт саласында белсенділік танытуда.
Агенттіктің аумақтық департаменті мен аппарат басшысы бастаған Маңғыстау облысы әкімдігі қызметкерлерінен құралған команда ерекше, әсерлі ойын көрсете білді.
Ойыншыларды қолдауға әріптестері жиналып, жанкүйерлердің волейболшыларға дем беруі, ойын алаңын қыздыра түсті.
-Осындай жолдастық кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондағы мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Ең бастысы – мемлекеттік органдар арасында өзара сыйластық болуы қажет, себебі барлығы да елдің дамуы жолында аянбай тер төгуде және оларға барынша жағдай жасалуда. Қуантарлығы мемлекеттік қызметшілер жұмыстан соң уақыт тауып түрлі жарыстарға белсенді қатысуда, - деп Нұргүл Жанназарова қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Жалпы аумақтық департамент пен облыс әкімдігінен төрт команда қатысып, нәтижелі ойын көрсете білді. Жолдастық кездесу соңында облыс әкімі аппаратының басшысына аумақтық департамент атынан жолдастық кездесуге белсенді қатысқаны үшін диплом табыс етілді. Жолдастық кездесулер өзге де мемлекеттік органдармен өз жалғасын табатын болады»,- деп мәлімдейді Департаменттің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему