Жетібай ауылы тұрғындарымен өзекті кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жетібай ауылы тұрғындарымен өзекті кездесу өтті

22 Июля 2019 (09:40) | 2728 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қарақия ауданы Жетібай ауылында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде ақпараттық-насихат тобының тұрғындармен кездесуі ұйымдастырылды.

 

 

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Н.Жанназарова, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Мамаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Сағымбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Нұрмамедова, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы А.Боздақбаева, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының басшысы М.Абуғалиев, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Б.Исмахамбетов, Ұлттық банктің облыстық филиалы басшысының орынбасары Н.Сүгіров, аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімі, әлеуметтік сала мамандары мен Жетібай ауылының тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Алғашқы кіріспе сөзінде облыс әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев осындай форматтағы кездесудің мақсаты мен міндеттеріне, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында және Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде билік органдары алдында қойған бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелерге баса назар аударды.

 

 

 

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрайымы Н.Жанназарова мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, әдеп ережелерін сақтауға қатысты мәселелер бойынша аумақтық департаменттің 8707 170 1424 шұғыл желісіне хабарласып, арыз-шағым қалдыруға мүмкіндіктері бар екендігін және тұрғындармен кері байланысты орнатуға әрдайым дайын екендігін жеткізді.

 

 

Уәкілетті мемлекеттік органдар және банк өкілдері атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, «Е-халық» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға білім беру гранттарын бөлу, «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламалары, ҚР Президентінің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың борыш жүктемесін азайту бойынша бастамасы, т.б. мәселелер бойынша толық түсіндірме жұмысын жүргізіп тұрғындардың көкейіндегі сауалдарына жауап берді.

 

 

-Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары ауыл әкімдігі мен әлеуметтік салаға жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмаларын берді. Аумақтық департамент өкілдері өз кезегінде Жетібай тұрғындарына мемлекеттік қызметке кіру, «Digital agent» мобильдік қосымшасын қолдану және telegram желісі арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық парақшалар таратты.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша топ жұмысы өңіріміздің басқа да аудандарында жалғасатын болады,- деп мәлімдейді осы кездесу туралы біздің басылымға хабарлаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему