Облыс тұрғындарының қаперіне!
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 23:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс тұрғындарының қаперіне!

15 Сентября 2015 (12:40) | 1794 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқaрмасының» басшысы Назгүл Ермұратқызы Тұрғаналиеваның мәлімдеуінше, жуырда ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшиннің «Санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында кейбір өндірушілердің және төмендегідей атаудағы тамақ өнімдерін әкелу және өткізу тоқтатылсын деген шешім қабылданған.

 

Бұл жайлы біздің басылымның оқырмандары тереңірек мағлұмат алсын деген мақсатта аталмыш Басқарманың басшысы Назгүл Тұрғаналиева Қаулының мәтінін сол күйінде тұтынушы болып табылатын әрбір тұрғынның қаперіне беруді ұсынды.

 

Сонымен қатар, аталмыш Қаулымен танысу меншік нысанына қарамастан, аталған құжатта көрсетілген өнімдерді өткізумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне де қажет екені анық. 

 

Ендеше, еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин қол қойған аталмыш Қаулыны облыс тұрғындарының назарына сол күйінде ұсынамыз.

 

Санитариялық-эпидемияға қарсы

және санитарлық-профилактикалық

іс-шараларды жүргізу туралы

 

Мен, Қазақстан республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин, өнім қауіпсіздігінің мониторингі нәтижелерін қарап, «Хохланд»  Руссланд ЖШҚ  (РФ), «Кампина» ЖШҚ (РФ), «Преображенский» ЖШҚ МК (РФ), «Ақ сүт» АҚ (ҚР), «КДВ Кемерово» ААҚ  (РФ) өнірушілерінің тамақ өнімдерінің микробиологиялық қөрсеткіштер (БГКН, ММАФАнМ, КМАФАнМ) және ашытқылар бойынша (жүйелі түрде) «Тамақ өнімдерінін қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР) Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес  келмейтінін анықтадым, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабы, 56-бабының 4-тармағы, № 9 қосымшасының 9-тармағы, № 12 қосымшасының 5-6 тармақтары, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

- Ресей, Мәскеу облысы, Раменский ауданы, РАОС к., 16-үй, «Хохланд» Руссланд ЖШҚ өндірген әртүрлі дәмі бар «HOCHLAND» балқытылған ірімшігін;

- Ресей, Мәскеу облысы, Раменский ауданы, Домодедова қаласы, Станционная көшесі, 20-үй, «Преображенский» ЖШҚ МК өндірген әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігін;

- Ресей, Мәскеу облысы, Ступино қаласы, Ситенко В. Л. көшесі, 10-үй, «Кампина» ЖШҚ өндірген йогурт сусындарын;

- Қырғыз Pеспубликасы, Мәскеу ауданы, «Ақ сут» АҚ өндірген Шаруа сары майын;

- Ресей, Орлов облысы, Верховье кенті, Ленин көшесі, 1-үй, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Славянские қант қосылған қойытылған кілегей» құрамында сүт бар қойытылған өнімін;

- Ресей, Мәскеу қаласы, Талалихина көшесі, 41-үй, 14-құрылыс, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірген сосиска өнімін;

- Ресей, Кемерово қаласы, Цимлянская қөшесі, 2-үй, «КДВ Кемерово» ААҚ өндірген т.м. «Яшкино» «Шоколайт» және «Голландские вафлилерін әкелу және өткізу тоқтатыла тұрсын;

- осы қаулыны Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін;

- уақытша санитарлық шаралар қолданылғаны туралы ақпаратты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберсін.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                                       Ж.Бекшин

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему