ШОМЫЛУҒА ҚАУІПТІ АЙМАҚ САНЫ ТӨРТКЕ ЖЕТТІ АҚТАУ
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 23:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ШОМЫЛУҒА ҚАУІПТІ АЙМАҚ САНЫ ТӨРТКЕ ЖЕТТІ АҚТАУ

8 Июля 2019 (16:08) | 3214 | Автор: Талғат Исламұлы

Каспийде шомылуға қауіпті аймақ саны төртке жетті. 4-ші шағын аудандағы жартасты жағалау мен қала сыртындағы Шора каналы адам өміріне аса қатерлі саналады. Енді олардың қатарына Түпқараған ауданындағы екі бірдей шомылу орны қосылуы мүмкін. Оларды тұрғындар 43-ші шақырым және Голубая бухта деп атап кеткен. Осы аймақтарда қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін тиісті ұсыныс облыс мәслихатына жолданды. Жуық арада қаулы шықса, Ақтаудан қашық орындарда рейдтік шаралар жүргізілмек.

 

 

Бұл, 4-ші аудандағы тау шатқалы. Жағалауда суға шомылуға болмайды деген тақтайша тұр. Алайда, оған назар аударған адам жоқ. Түбінде үшкір қырлы жартастар жатқан жерге секіріп, мәз-мейрам. Қасына полицейлер барған сәтте ғана асықпай судан шығады. Құтқарушылар өз өміріне жауапсыз қараудың соңы қайғылы жағдайға әкелерін қанша рет ескертсе де, осы көрініс жылда қайталанады. Былтырдың өзінде осы маңда екі адам су кетті.

 

- Өткен жылдан бастап айыппұл салынып жатыр. 2 МРП көлемінде. Соған байланысты шама келгенше осы жерге суға түспеңіздер.

 

Қала сыртындағы Шора каналы балықшылардың сүйікті орны. Теңіз суын тұщыту мекемесінен ағып шығатын жылы суға шомылуға әуес тұрғындар бұл жерге қысы-жазы келеді. Түбінде иірім көп жерге түсудің өмірге қауіпті екені ескертілген жазу да тұр. Тіпті, канал бойлай темір қоршау қойылса да, халық сымды қиып кіре береді.

 

– Сіздер суға түспей, балық аулап жатырсыздар ма қазір? - Ия, кефаль ғой. – Мынаның асты толған темір, білесіңдер өздерің, қауіпті!

 

ЕДІЛ ЕСБОСЫНОВ, "ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ" ММ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ

 

Біздер барымызша ескертіп жатырмыз халыққа. Түсуге болмайтын қауіпті аймақ екенін. Тыңдамаған жағдайда полиция қызметкерін шақыртып, бір рет ескерту шарасы болады. Егер оны да тыңдамаған жағдайда 2018 жылғы қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен шыққан 364 бап бойынша 2 МРП көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

 

Былтыр облыс көлемінде он адам суға кетті. Ал жыл басынан бері бес қайғылы дерек тіркеліп отыр. Осының алдын алу үшін жері теңізбен шектесетін Түпқараған мен Қарақия аудандарында да рейдтік шаралар жүргізіледі.

 

МАНАРБЕК МҰХАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 

2019 жылдың суға түсу маусымының басталуына байланысты тағы бір екі участокті біздер ұсынып отырмыз облыс мәслихатына. Оның біреуі 43-ші километр. Сосын Голубая бухта. Ол Түпқараған ауданында орналасқан. Онда да соңғы жылдары көптеген адамдар суға кетті.

 

Күн ыстықта теңізге шомылатындар қатары артады. Осы себепті күн сайын сағат 2-ден кешкі 10-5а дейін суға түсуге қауіпті аймақтарда жылжымалы құтқару бекеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ 35 ерікті жағалауда тынығушылар арасында үгіт-насихат шараларын жүргізеді.

 

Видео Саламат Бекбаев, Нуркен Тажибай

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему