Парақорлықты түп тамырымен жою қажет
16 Июня 2019 (09:45) | 1765 | Автор: Нурганым Имашева
Иә, айту оңай ғой, бірақ сол дертті біз түбегейлі құртуда қандай іс-шаралар, әрекеттер жасауымыз қажет. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Алайда, қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
Cыбайлас жемқорлық - бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтып, олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек.
Дерттің қозуына жол бермеу бағыты бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі –Департамент) тарапынан қызметкерлермен көптеген жұмыстар жүргізілгені анық.
Департамент бөлімдерінің тәртібі, заңдылығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жай-күйі аппараттық және жедел кеңестерде бірнеше рет қаралды. Осы мәселе бойынша барлық келіп түскен материалдар Департаменттің бөлімдеріне жолданып отырады, осындай бұзушылықтарды болдырмау үшін жеке құрам арасында тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына шығарылып отырады және құзырлы органдардың қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Дөңгелек үстелдер барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, бейне роликтер көрсетіледі.
Департаменттің және аумақтық құрылымдар ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттайтын «Жемқорлықсыз болашақ – біздің жалпы мақсатымыз», «Будущее без коррупции – наша общая цель» және «Жемқорлыққа –жол жоқ», «Наши ценности – добропорядочность и академическая честность в образовании» тақырыбындағы плакаттар орналастырылды.
Сондай-ақ, Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып отырады.
Қызметтік дайындық барысында Маңғыстау облысының Әкімшілік полиция басқармасының өкілдерімен жол ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру туралы кездесу ұйымдастырылады.
Кадрлық қызмет қызметкерлерді ҚР БП ҚСжАЕК базасынан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлерді, сондай-ақ бұзушылықтың осы түрі үшін төленбеген айыппұлдарды анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізеді. Осындай бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі шараларды әзірлеу үшін барлық ақпарат бөлімдерге жолданады.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған «Жол картасының» қызметі уақытында жүзеге асырылуда.
2018 жылдың 12 айында Департаментте сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс тіркелген жоқ.
Сонымен қатар Департаменттің басшылары ардагерлермен бірігіп, қалалар және аудандар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Соның біріне тоқталсақ, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары Мұханов Мұрат Сейтмолдалұлы және төтенше жағдайлар саласындағы ардагер Есен Айтуаровтың қатысуымен Мұнайлы аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесіп сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәртіп мәселесі жөнінде жеке құрамға, жас мамандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өз тәжірибелерімен бөлісті.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына себеп болады.
Бұрынғы ғасыр қайраткерлері әділдік пен турашылдықты ту еткендігін, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертпен күреске атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген ТЖ департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему