Сұңғат пен Ақниет – қола жүлдегерлер атанды
14 Июня 2019 (09:07) | 2492 |
Автор: Нурганым Имашева
Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында V-ші Жазғы Спартакиада өтті. Сайысқа еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан 185 спортшы қатысты.
Байрақты бәсекеде ерлер 66-дан 73 келі салмаққа дейін, ал қыздар 48 ден 63 келіге дейінгі салмақта бақтарын сынады.
Жарыста Актаулык «Жас батыр» спорт мектебінен 66 келі салмақта Жұбатқан Сұңғат және 63 келі салмақта Ақниет Тұрдан қола медальға ие болды.
Сұңғат бірінші белдесуінде Атырау облысының палуанын жеңді, екінші ккздесуде Қарағанды облысының палуанынан басым түсті. Ақтық сайысқа жолдама алу белдесуінде Шығыс Қазақстан обылысының палуанына есе жіберді, қола үшін белдесуде Түркістан облысының палуанын жеңді.
Аймақтың намысын қорғаған спортшыларымызға алдағы алар асуларыңыз бұдан да биік болсын деген тілегімізді арнаймыз.
Суреттерді ұсынған «Жас батыр» спорт мектебі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему