Маңғыстаулық құтқарушылар өзара сайыста мықтылықтарын сынады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 20:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құтқарушылар өзара сайыста мықтылықтарын сынады

29 Мая 2019 (12:38) | 1476 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін 28 мамыр күні Құрық кентінің стадионында Маңғыстау гарнизонының өрт сөндіруші командалары арасында өрттен құтқару спортынан жарыс өткізілді. Үздік атағын иеленуде 12 өрт сөндіру командасы атсалысты.

 

 

-Жарыс Маңғыстау облысында өрт сөндіру-қолданбалы спортын беделді ету және дамыту мақсатында, сонымен қатар азаматтық қорғау жауынгерлерінің кәсіби және спорттық шеберліктерін жетілдіру үшін ұйымдастырылып отыр,-.деп хабарлайды Маңғыстау облысы тж департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Сайыстың І кезеңі Қарақия ауданының орталығы Құрық кентінде өтсе, екінші кезең – оқу мұнарасының 4 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу Ақтау қаласындағы №1 Мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің аумағында ұйымдастырылатын болады.

 

 

Жарыстың негізгі мақсаты – құтқарушылардың физикалық дайындық деңгейін жұмылдыру және әрі қарай жетілдіру, өрттен құтқару жарақтарымен жұмыстану тәжірибелерін қолдану мақсатында бөлімшелердің жауынгерлік қабілеттерін тексеру, – деп атап өтті Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Мауленов Ерлан Мауленов.

 

Қатысушылар оқу мұнарасының 4 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 4х100 м өрт сөндіру эстафетасынан, жауынгерлік қанат жаюда, сондай-ақ 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуде тартысты.

 

Жарыстың ең көркем түрінің бірі оқу мұнарасының 4 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу кезеңі болды. «Старт» дабылынан кейін, қолына шабуыл сатысын асқан (шабуылдаушы) өрт сөндіруші оқу мұнарасына дейін жүгіріп өтіп, әр қабатының терезе жақтауларына сатыны бекіте отырып көтерілу керек, содан кейін 4 қабат аралық пластиналарын баса отырып, мәреге жету қажет. Бұл кезеңде қатысушылар үшін әдетте жүзден бір бөлік секунд шешуші рөл атқарды.

 

 

Өрт сөндірушілер жақсы нәтижелерін өрттен құтқару спортының ең күрделі түрінің бірі – 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасында көрсете білді. Сонымен бірге жауынгерлік қанат жаю мен 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту кезеңдерінің көркемдігі өзгеден кем түспеді.

 

Сайыстың І кезеңінің қорытындысы бойынша 4х100 м өрт сөндіру эстафетасынан І орынды - №12 МӨБ қызметкері Уәлихан Жұмабеков жеңіп алса, №8 ӨБ сарбазы Нұржан Оразов екінші орынға көтерілді, ал ІІІ орын – осы бөлімнің құтқарушысы Мэлс Сарыбаевқа бұйырды.

 

 

Жарыс екі кезеңде өткізілді, қобалжу сәті де ақырғы минуттарға дейін өшпеді. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық сынақта бірінші орынға № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері иеленді, екінші орын иесі № 11 өрт сөндіру бөлімінің өкілдері атанса, ал жүлделі үшінші орын № 2 Мамандандырылған өрт бөлімінің өкілдеріне бұйырды.

 

Жарыста жүлделі орын иеленген қатысушылар диплом, кубоктар және сыйлықтармен марапатталды.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему