«Каспий» футбол клубының 2007 жылғы құрамасы халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Каспий» футбол клубының 2007 жылғы құрамасы халықаралық жарыста жақсы нәтиже көрсетті

21 Мая 2019 (09:54) | 1648 | Автор: Нурганым Имашева

Халықаралық жарысқа алғаш рет қатысқан 12 жастағы жасөспірімдер құрамасы Хорватия Республикасы, Сплит қаласында өткен турнирде үздік бестікке енген.

 

 

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Каспий» футбол клубының жаттықтырушысы Амантай Қошай мәлімдеді.

 

Мамырдың алғашқы күндерінде Хорватия елінде өткен халықаралық турнирге Польша, Әзірбайжан, Украина, Сервия елдерінен және алаң иелерін қосқанда жиырмаға жуық команда қатысқан.

 

 

Жасыл алаңда «каспийліктер» 4 ойын ойнап, оның біреуінде жеңіске жетіп, бір ойынды тең дәрежеде аяқтаған. Сонымен қатар, команда Қазақстан чемпионатына да биыл алғаш рет қатысуда. Бес турдан тұратын ойынның алғашқысы Өскемен қаласында өткен, мамырдың 17-сінде Алматы қаласына аттанған команда мүшелері «Тараз», «Семей», «Оқжетпес», «Ақжайық» командаларына қарсы ойнады.

 

Тамыз айының соңына дейін ел чемпионаты аясында бұл команда 16 рет жасыл алаңға шығады. Жаттықтырушылардың айтуынша халықаралық жарысқа қатысу арқылы команда көп тәжірибе жинаған.

 

 

Қазіргі таңда команда құрамында 24 ойыншы бар. Олардың футболға деген ықыластары мен жеңіске деген ұмтылыстары ерекше дейді жаттықтырушылары. Сондай-ақ жаттықтырушылар мен ойыншылар облыстық спорт басқармасы мен Ақтау қаласы әкіміне алғыстарын білдірді.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік Коммуникациялар қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему