Өртсөндірушілер Қызметтің ардагерлерімен кездесті
19 Мая 2019 (17:10) | 2903 | Автор: Нурганым Имашева
Өрт сөндіру қызметіне өз кәсібіне беріле 10 жылдай ұзақ уақыт жұмыс істеген өрт сөндіру күзетінің ардагерлері келді. Осындай кездесулердің бірі Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мәжіліс залында өтті. Өрт сөндіру ісінің бұрынғы қызметкерлері жас өртсөндірушілермен тәжірибе бөлісті, өрт сөндіру күзетінің қалыптасу тарихы туралы әңгімелесіп, осылайша ұрпақтар сабақтастығын қолдады.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Қонақтарды Қызмет бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Амирович Мауленов қарсы алды, ол соңғы жылдары өрт сөндіру қызметінде болған түрлі өзгерістер туралы айтып берді.
Валентина Васильевна Голда көп жыл бұрын құрылған Шевченко (Ақтау) қаласындағы жаңа өрт сөндіру бөліміне бірінші болып жұмысқа тұрды. Өрт сөндіру байланысының орталық пунктінің аға диспетчері болып жұмыс істеді, онда өрт сөндіру байланыс пунктінде тек бір ғана телефон болған. Бүгінгі күні күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы – бұл мамандандырылған техникамен жабдықталған, барлық облыспен байланыста болып отыратын үлкен ұжым. Валентина Васильевна бөлімнің жеке құрамымен сол жылдары өрт сөндіру күзетінің қызметкерлері қалай жұмыс істегенін, бөлімшелердің қару-жарағында қандай техника тұрғанын, қандай проблемалар мен қиыншылықтардың болғанын, олар қалай шешілгені туралы өз естеліктерімен бөлісті.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары, азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы, қазіргі таңда Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті бастығының кеңесшісі Сейтмолда Мұханов Қызметтің өрт сөндіру күзетіндегі өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында ардагерлердің де, жастардың да сауалдары мен жауаптары көп болды, сондықтан әңгімелесу қызықты өтті.
Іс-шара соңында ардагерлер өрт сөндірушілерге көптеген жылы-жылы сөздер айтып және олардың қызығынан гөрі қиындығы басым қызметтеріне табыс тіледі.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему