Ақтауда студенттер тұтынушы ретінде өз құқығын қалай қорғау керектігіне оқытылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда студенттер тұтынушы ретінде өз құқығын қалай қорғау керектігіне оқытылды

8 Мая 2019 (09:24) | 2572 | Автор: Нурганым Имашева

«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі («МОТҚҚҚ» ҚБ) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Маңғыстау облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» тақырыбында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік грантын іске асыруда.

 

 

-Жобаны жүзеге асырудағы шаралардың бірі – аймақтағы колледждердің жоғарғы курс студенттеріне арналған тренингтерді өткізу болып табылады.

 

Тренингтерді ұйымдастырудағы мақсат – Маңғыстау облысы тұрғындарының тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы құқықтық сауатын арттыру,- деп мәлімдеді «Маңғыстау облыстық тұынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Никар Рафикова.

 

Аталған тренингтер Никар Маликовнаның айтуынша, 14 мамырда Қарақия ауданының орталығы Құрық кентінде, 17 мамырда Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде, 21 мамырда Түпқараған ауданының Баутино кентінде, 24 мамырда Жаңаөзен қаласында, ал 28 мамырда Бейнеу кентінде өткізілетін болып жоспарланып отыр.

 

 

Оқытуды қоғамдық бірлестіктің башысы Н.Рафикова жүргізеді. Тренингке қатысушылар Маңғыстау облысындағы бүгінгі таңдағы тұтынушылар құқығын қорғаудың ахуалымен, ҚР заңдарымен көзделген тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің негізгі құралдарымен танысатын болады. Осының нәтижесінде өздерінің тұтынушы ретіндегі құқықтарын қалай қорғау керектігі туралы білім алумен қатар,осы білімдерінің арқасында өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғайтын болады.

 

«МОТҚҚҚ» ҚБ 6 мамыр 2019 жылы Ақтау қаласындағы Политехникалық колледждің студенттеріне арналған «Тұтынушылар құқығын қорғаудың негізгі құралдары және оларды тәжірибеде қолдану» тақырыбындағы екінші тренингті ұйымдастырды.

 

Тренингке колледждің 24 студенті қатысты. Олар сауалнама сұрақтарына жауап беріп, күнделікті өмірде кездесетін тұтынушылар тап болатын ситуацияларды өздері рольге ене отырып, талдау мүмкіндігіне ие болды.

 

Кейін «МОТҚҚҚ» ҚБ қызметкерлері тренинг қатысушыларының жауаптарының негізінде мұндай оқытуларды өткізудің тиімділігі жөнінде талдау жасайтын болады.

 

-Өткізілген тренингтер туралы ақпаратты жұртшылық Бірлестіктің www.zashitaprav.kz сайтынан және Facebook, vkontakte, instagram әлеуметтік желілерінен көріп таныса алады.

 

 

Сонымен қатар, WhatsApp желісіндегі 87010333200 номеріне «Маңғыстау тұтынушылары» («Потребители Мангистау») чатына тіркелу арқылы мағұлмат алу мүмкіндігі бар.

 

Қосымша ақпаратты 87010333200, 8(7292)333200 телефондарына хабарласу арқылы алуға болады,- дейді «МОТҚҚҚ» ҚБ президенті Н. Рафикова

 

Суретті түсірген «МОТҚҚҚ» ҚБ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему